ҚАРАЖАЛ

Сахна сыртындағы шебер

Бөлісу:

Гүлім Аханова оқушы кезінен ақ әнге қызығып, мектеп  қабырғасында жүріп түрлі іс- шараларға қатысқан. Кейін Жезқазған музыкалық колледжін тәмамдап,туған жері  Қаражал қаласының мәдени сауық орталығына жұмысқа орналасады. Өзі сахнада ән салмағынмен әншілерге демеу болып отыр қазір. Алдымен ұйымдастырушы болып қызмет атқарған ол, кейін музыка жетекшісі болады.Одан әрі  техниканың қыр-сырын меңгереді. 


Гүлім АХАНОВА Қаражал қалалық мәдени –сауық орталығының музыка жетекшісі және дыбыс операторы 

Қазір барлық техникалар дамыған заман. Бәріне үйрендім.Менің жұмысым келген әншілерді таңдап, дауыстарын қойып,дайындықтарын жасап, жақсылап әдемілеп дайындап сахнаға,әр іс-шараға алып шығу менің міндетім.  


Дыбыс операторының бар-жоғын халық біле бермейді. Бірақ іс-шара барысында әннің шырқа­луында немесе ән ырғақтарының уақытылы қосылуында қандай да бір қателіктер орын алса, бірден дыбысқа жауапты маманның барын сезінеді. Сондай-ақ мұндай кезде әр секундтың қадірі артады. «Халық – әділ сыншы» дейтін болсақ, мұндайда тез шешім қабылдап, орын алған кемшілікті жою кәсіби шеберлікті талап етеді. Сондықтан дыбыс операторы барлық жағдайға дайын болуы қажет. 


Гүлім АХАНОВА Қаражал қалалық мәдени –сауық орталығының музыка жетекшісі және дыбыс операторы 

Өзіме қызық бұл жұмыс.Адамда қызығушылық болғаннан кейін әрине жұмыс істегісі келеді. Қаламыздың көркеюіне,дарынды жастарымыздың болғанын қалаймын. Солардың барлығына атсалысқым келеді. 


Екі бала тәрбиелеп отырған ана мәдени сауық орталығындағы хор үйірмесінде 40 балаға жетекшілік етеді. Вокалдан сабақ береді. Оқушылары түрлі байқауларда топ жарып жүр қазір. Еңбекке деген адалдығын осыдан ақ аңғаруға болады. 


ГҮЛІМ МАРАТҚЫЗЫ,СЕРГЕЙ МАЙКОВИЧ «ҰЛЫТАУ»ТЕЛЕАРНАСЫ

Күнтізбе

«    Ноябрь 2024    »
ПнВтСрЧтПтСбВс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930 
Біздің ақпараттық бюллетеньге жазылыңыз!
Біз спам жасамаймыз
Парақшаның жұмысын бағалаңыз)

Тегтер бұлты