Қасым Жомарт Тоқаев ел тағдыры үшін айрықша мәні бар бірқатар жобаны жүзеге асыруымыз керек деді. Бұл ретте металды терең өңдеу,мұнай-газ және көмір химиясы сияқты бағыттарға айрықша назар аударылуда. Осы бағытта Қаражал қаласында марганец кенін балқыту арқылы марганец электролитін шығару бойынша шетелдік компаниялар жұмыс жасауға ниетті.
Марат САТАНОВ Қаражал қаласының кәсіпкерлік және ауыл шаруашылығы бөлімінің басшысы
Осы бағытта барит кенін өңдеу арқылы мұнай газ саласына қолданатын бариттік ауырлатқыш шығаратын екі кәсіпорын тұрақты түрде жұмыстарын атқаруда. Геологиялық геологиялық барлау ісі айрықша назар аударуды қажет ететіні тапсырылған болатын. Қазіргі уақытта Караван ұлытау кәсіпорынмен Шалғия кентінің территориясында бұрғылап барлау жұмыстары 2-3жылдан бері жүргізілуде.
Осы жұмыстардың арқасында Ашықтас кен орнында алтын және мыс шығаратын зауыт салынады.Бұл өз кезегінде кенттің дамуына әл ахуалының жақсаруына серпін береді. Ал, негізгі капиталға салынған инвестициялар көлемі 38 млрд теңгені құраған.Мемлекет басшысы ауыл шаруашылығы саласының әлеуеті орасан зор екеніне тоқталып, агроөнеркәсіп кешенінде нақты серпіліс жасау керек екенін айтты машина-трактор паркінің әбден ескіріп тозуы- күрделі мәселеге айналғанын жеткізді.
Марат САТАНОВ Қаражал қаласының кәсіпкерлік және ауыл шаруашылығы бөлімінің басшысы
Балтырғы жылы «Кенсаз» шаруа қожалығымен 2 дана ауылшаруашылық тракторларын қосалқы тіркемелерімен Казагроқаржы ұйымы арқылы алынды. Биылғы жылы жер жыртып көпжылдық шөп егуді жоспарлап отыр.
Қаражал қаласында мемлекеттік қолдау шараларының арқасында шағын және орта бизнес тұрақты дами бастады. Жұмыс істеп тұрған шағын және орта кәсіпкерлік субъектілерінің саны 1231ді құрайды. Жұмыспен 1810 адам қамтылған. Өсім 25,2пайыз. Ауыл аманаты бағдарламасы арқылы 13 жоба 108 млн теңгеге мақұлданған. Жалпы, Қаражалда қолға алынған жұмыстар жүйелі түрде жүргізілуде.
ГҮЛІМ МАРАТҚЫЗЫ,ДУМАН ОРАЗОВ «ҰЛЫТАУ»ТЕЛЕАРНАСЫ