Іс-сапарды Жәйрем кентінен кейін Қаражалда жалғастырды комиссия мүшелері. Қаражал мен Атасу арасындағы облыстық дәрежедегі жолдың 28 шақырымына жөндеу жүріп жатыр. Оны «Арқақұрылыс2009» ЖШС жүргізуде. Тамыз айында аяқталуы тиіс.
Ақтай мекені жанындағы бұрын салынып тозығы жеткен көпірде де жұмыстар жүргізіліп жатыр. Оны да осы тамыз айында аяқтаймыз деп уәде беріп отыр мердігерлер.
Ержан ТОҚЫМБАЕВ Ұлытау облыстық мәслихатының депутаты
Жұмыс барысы жаман емес бірқалыпты жүрііп жатыр. Бұл жұмыстар әрі қарай жалғасын табуда. Жұмыстар жоспрмен келе жатыр. Болашақта тексеріп отыратын боламыз.
Одан әрі тұрақты комиссия мүшелері қала орталығындағы аурухана жұмысымен танысты. Директордың орынбасары Нұрхат Аукешев аурханаға компьютерлік томография алуға көмек беруді сұрады.
Ұлытау облыстық мәслихат төрағасы Бауырждан Шыңғысов денсаулық саласына жіті көңіл бөлеміз, мәслихатта қарастырамыз деді.
ГҮЛІМ МАРАТҚЫЗЫ СЕРГЕЙ МАЙКОВИЧ «ҰЛЫТАУ»ТЕЛЕАРНАСЫ