Жиынға қала прокуроры, қалалық полиция бөлімінің бастығы,мансап орталығының маманы және аталған салаға жауапты мамандар, пробация есебінде тұрған азаматтар қатысты. Күн тәртібіне сәйкес пробация бөлімінің бастығы Жанат Құспанов пробация есебінде тұрған тұлғалардың қайта құқық бұзушылық пен қылмыстарының алдын алу мақсатында жасалып жатқан жұмыстары жөнінде баяндама жасады.
Жанат ҚҰСПАНОВ Қаражал қалалық пробация қызметі бөлімінің бастығы
Әрдайым пробация бөлімінің қызметкерлері Қаражал қалалық полиция бөлімінің учаскелік полиция инспекторалырмен бірлесіп мекен-жайлары жұмыс орындары бойынша тексеріліп отырады.
Жалпы 2023 жылы 65 адам пробацияның есебіне тіркеліп, 35 –і есептен шығарылған. Қазіргі таңда 25 тұлға есепте тұр. 2023 жылы сотталған тұлғалардың тарапынан қасақана құқық бұзушылықтар жасағаны үшін 5 сотталған тұлға бас бостандығынан шектеу жазасынан бас бостандығынан айыру жазасына ауыстырылып,түзеу мекемелеріне жіберілді. Қазір облыс көлемінде «есептегі тұлға» профилакатикалық іс-шарасы өтті. Іс-шара аясында түзеу мекемелерінен түзеліп шыққан тұлғалар тексерілді.
Алмаз ЖАҚАЕВ Қаражал қалалық полиция бөлімінің бастығы
Сол себепті құрметті азаматтар, профилактикалық іс-шара аясында ғана емес, жалпы әкімшілік құқық бұзушылықтарға жол бермеуіміз қажет.
Жиынға қатысқан мансап орталығының маманы жұмысқа орналасудың тетіктері жайлы айтты. Айта кетейіік қазіргі таңда есепте тұрған 25 азаматтың 22-і тұрақты жұмыспен қамтылған.
ГҮЛІМ МАРАТҚЫЗЫ ДУМАН ОРАЗОВ «ҰЛЫТАУ»ТЕЛЕАРНАСЫ