Мибұлақ ауылы 1982 жылы ауылдық округ болып құрылған. Ауыл экономикасының негізгі бағыты- ауыл шаруашылығы. Бұл жолғы сабантой «Құрманбай» жайлауында өтті. Түркі халықтарында тойланатын мейрам мал пісіп, күз маусымының басталуына сәйкес келетін әрі күзгі күн мен түннің теңесуі қарсаңында аталып өтілетін мереке.
Гүлназ Омарова, Ұлытау облыстық мәслихатының депутаты
Бұрынғы уақыттарда Шопантой, Сабантой дейтіндер болатын, сол бір шаруалардың мәртебесін көтерудегі бір үрдіс. Шаруалардың бой жазуы үшін осындай халықтар бір-бірімен бірігіп, көз көрмеген шаруалар бірн-бірі көріп, қуанып сондай жағдай туындау үшін жасалып жатқан той. Бұл тойға шаруалардың мәртебемін көтеруде негізі мәслихаттың да еңбегі бар. Мәслихаттың ұйымдастыруымен осы Мибұлақтың фермерларының, шаруаларының ұйымдастыруымен болып жатқан той. Той жақсы өтіп жатыр деп ойлаймын.
Жыл сайын ауыл шаруашылығы қожалықтарының арасында өтетін шараға жергілікті тұрғындар белсенді қатысты. Екі күнге жоспарланған тойды №1-ші ауылшаруашылығының қожайыны Қанат Сатыбалдин мен ферма ұжымы өткізуде. Мұндағы мақсатымыз ұмыт болған қазақтың дәстүрі мен ұлттық ойындарын қайта жандандыру дейді шаруа.
Қанат САТЫБАЛДИН ұйымдастырушы
Бұрын осыдан бір 20-жылдай бұрын жылда болаты тұғын. Содан кейін сол ұйымдастырып жүрге үлкен кісілер өмірден өтіп кетті да өкінішке орай содан кейін тоқтап қалған. Биыл сол 3-ші жыл жігіттермен ақылдасып, осылай осыны қайтадан көтерейік деп, жастар атқа мінсін , ұлттық ойындарды ойнасын, ұлттық рухын оятайық деп сонымен сол биыл 3-ші рет қайтадан істеп жатырмыз.
Сондай-ақ, қазақылықтың қаймағы қалқыған өлкеде ақшаңқай киіз үйлер тігілді. Мұнда ашық алаң ға орнатылған далалық сахнада мерейтой салтанатты түрде ашылып, іс-шара ұлттық спорттық ойындармен жалғасты. Аламан, құнан бәйге, тай жарыс, қазақ күресі, арқан тарту, қол күрес, аударыспақ сынды ұлттық ойындар ойнатылып, жеңімпаздарға қомақты сыйақы берілді. Сонымен қатар, Ұлытау ауданының Құрмет грамотасымен және аудан әкімінің Алғыс хаттарымен бірқатар ауыл азаматтары марапатталды.
Күлшанар ҚАЛИЕВА , Мибұлақ ауылының тұрғыны
Ең бірінші ұйымдасып жатқан мына балаларға бас көтеріп, жастарға үлгі болып жатқан Қанат пенен Ержан. Енді сол балаларға еріп ауылымыздың балалары бүгін тойды жақсы өткізіп жатыр. Бәйгелері болып жатыр. Осы тойымыз тойға ұлассын . Жылда осындай той болыр, бала-шағамыз көре берсін, заманымыз тыныш болсын. Осы тойымыз тойға ұлассын, арты молға ұлассын. Үлкендерден көргенін мына киінгі жастар үйрене берсін.
Жоғары деңгейде ұйымдастырылған мерекенің әр сәті той қонақтарының көңілдерін көкке көтеріп, рухани демалыс сыйлады.
Пікірлер орны
Күнтізбе
« Октябрь 2024 » | ||||||
---|---|---|---|---|---|---|
Пн | Вт | Ср | Чт | Пт | Сб | Вс |
1 | 2 | 3 | 4 | 5 | 6 | |
7 | 8 | 9 | 10 | 11 | 12 | 13 |
14 | 15 | 16 | 17 | 18 | 19 | 20 |
21 | 22 | 23 | 24 | 25 | 26 | 27 |
28 | 29 | 30 | 31 |