«Алғыс айту күні», – жыл санап өзінің ауқымын кеңейтіп, мағынасын тереңдете түсуде. Аудандағы мәдениет үйінде өткен мерекелік шараға ардагерлер қатысты. Мұндағы мақсат елдің алғысына бөленіп жүрген ардақты жандарға құрмет көрсетіп, олардың үлгілі істерін насихаттау.
Алмаз Қайырбек Ұлытау ауданы әкімінің орынбасары
Осы көктемнің алғашқы шуақты мерекелерінің бірінде алғыс айту күні деп кішігірім іс-шара өтіп жатыр. Бұл іс-шараға әртүрлі салада қызмет еткен мамандар шақырылған екне. Баршаңызға алғысым шексіз, аудан халқысына алғыс айтамын.
Айта кету керек, бүгінгі шара – бұрынғыларынан өзгерек болды. Дастархан басына жайғасқан ақсақалдар – жастар қауымына, жастар – үлкендерге алғыс айтты.
Есенғали АбЖАМАЛОВ Ұлытау ауылдық округі бастауыш ардагерлер ұйымының төрағасы
Жасымыз 70-тен асқан шақта бізді құрметтеп жатқандарыңызға алғыс айтамын.Аудандық мәдниет қызметкерлеріне алғысым шексіз. Өтенде осыдай кітапхан ұжымыда алғыс білдіріп еді.
Салтанатты шара әрі қарай аудан өнерпаздардың қатысуымен мерекелік концертпен жалғасты. Иә, ынтымағы жарасқан мемлекетіміздің басты құндылығы – татулық пен тыныштық.
ГҮЛІМ МАРАТҚЫЗЫ,СЕРГЕЙ МАЙКОВИЧ «ҰЛЫТАУ»ТЕЛЕАРНАСЫ