ҰЛЫТАУ АУДАНЫ

Су тасқынынан зардап шеккен 3 отбасы баспаналы болды

Бөлісу:

Жезді кентіндегі 3 отбасы баспана бақытына бөленді. Құны 21 млн 600 мың теңге, аумағы 80шаршы метр болатын баспананың кілтін табыстау үшін облыс әкімінің орынбасары Ұлантай Үсенов арнайы барды. 

Ұлантай ҮСЕНОВ Ұлытау облысы әкімінің орынбасары

Былтыр көктемде су басқанда осы жерде бәріміз болып, осы азаматардың үйі қалай болады деп уайымдап едік.Президенттің тапсырмасын орындап сол уақытта шешім шығарып, үйін су басқан азамттарға материалдық көмек көрсеттік,мал шығындарын жаптық.жезді кентінде 3 азамттың салып беру туралы шешім қабыладынды. Қоныс құтты болсын.

Зәуре Мейрамова-Жезді кентінің тұрғыны. Тасқын кезінде үйін су шайып, іргетасы сөгіліп баспанасы тұруға жарамсыз болып қалған еді.Енді міне су жаңа пәтердің кілтін қолына алып, алғысын жаудырды.

Жаңа үйлерге ыстық пен суық су кіріп тұр. Әрлеуі бар пәтерлер жылытқыш пен сантехникалық жабдықтармен жабдықталған.

Облыс әкімінің орынбасары Жездіге барған жұмыс сапары барысында бірнеше нысанды аралады. Соның бірі- 160орынға арналған дене шынықтыру сауықтыру кешені. Оның құрылысы 2020 жылы басталып кейін тоқтап қалған. Құрылыс жұмыстары өткен жылы қайта жанданды.Осы жылдың  25 қазанына дейін пайдалануға беріледі деп күтілуде.

Абдалы УАЛИНОВ Ұлытау ауданы құрылыс бөлімінің басшысы

Мұнда 160 орынға арналған спорттық зал, волейбол,баскетбол,футбол алаңдары болады. 1жарым айда барлығын аяқтаймыз деп отырмыз. Ішкі жұмыстары қалды. 

Нысанды қарап шыққан облыс әкімінің орынбасары балаларға арналған кешен сапалы болуы тиіс деді. 

ГҮЛІМ МАРАТҚЫЗЫ,СЕРГЕЙ МАЙКОВИЧ «ҰЛЫТАУ»ТЕЛЕАРНАСЫ 

Күнтізбе

«    Октябрь 2024    »
ПнВтСрЧтПтСбВс
 123456
78910111213
14151617181920
21222324252627
28293031 
Біздің ақпараттық бюллетеньге жазылыңыз!
Біз спам жасамаймыз
Парақшаның жұмысын бағалаңыз)

Тегтер бұлты