ҰЛЫТАУ АУДАНЫ

ҰЛЫТАУДА ДОМБЫРА МЕН ҚОБЫЗ ЕСКЕРТКІШІ БОЙ КӨТЕРДІ

Бөлісу:

Қасиетті қара домбыра - қазақтың рухы, болмысы. Қобыз– ұлттық мәдениетіміздің алтын діңгегі. Ұлттық аспаптарды дәріптеу арқылы ұлттық өнерімізді, мәдениетімізді насихаттаймыз, елдігімізді әлемге паш етеміз. Ескерткіштердің бой көтеруіне аудан кәсіпкерлері демеушілік білдерген. Жиналған халыққа ән-күйден шашу шашылып, ауданның 85 жылдық мерейтойы аясында ашылған еңселі ескерткіштердің маңыздылығы айтылды. Ұлытауға арнап өлең оқылды. 


Аудан ардагерлері ескерткіш аумағы ұлттық мұрамызды дәріптейтін, өнердің құдіретін ұғынуға ықпал ететін қасиетті орынға айналады деген сенім білдірді. Өнерпаздар жиналған жұртқа естен кетпес ерекше кеш сыйлады.

Нұрлан ҚАСЫМБЕКОВ Ұлытау аудандық мәдениет және тілдерді дамытыу бөлімінің басшысы 

Бүгін Ұлытаулықтар үлкен қуанышқа кенеліп жатыр. Ұлытау ауданына біздің демешуілеріміз Самға және Нэрис жшс ауданға осындай тарту жасады. 85 жылдық мерейтойы құтты болсын. 

Одан әрі қасиетті өлкенің тарихы мен дара тұлғалары жайлы көрме көптің назарына ұсынылды. Көрмеде Ұлт-ұясы Ұлытаудың дамуына үлесін қосқан азаматтардың деректері мен еңбектері топтастырылған.

Рахат ШЫМБЕРГЕНОВ Ұлытау аудандық трихи өлкетану музейінің басшысы 

Атап өтетін болсақ Төрегелді Шармановтың тағамтану институтында отырған кабинетін музеймізіге алып келген болатынбыз. Соны көрсетіп отырмыз. 

Ұлытаудағы ұлағатты іс-шаралар мұнымен тоқталмайды.  Ауданның 85 жылдығы аясында өтіп жатқан іс-шараларды келесі жаңалықтар топтамасынан көре аласыздар. 

ГҮЛІМ МАРАТҚЫЗЫ, СЕРГЕЙ МАЙКОВИЧ «ҰЛЫТАУ»ТЕЛЕАРНАСЫ


Күнтізбе

«    Ноябрь 2024    »
ПнВтСрЧтПтСбВс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930 
Біздің ақпараттық бюллетеньге жазылыңыз!
Біз спам жасамаймыз
Парақшаның жұмысын бағалаңыз)

Тегтер бұлты