Тұрғындар күн күрт жылынса, қайтеміз деп отыр. Сондақтан аудан әкімі Аманжол Мырзабековтың төрағалығымен төтенше жағдайлардың алдын алу жөнінде комиссия отырысы өтті. Онда қауіптің ауқымы мен жедел түрде әрекет ету амалдары қаралды. Осылайша 24 ақпан күні “Ұлытау ауданының Ұлытау ауылында жергілікті ауқымдағы табиғи сипаттағы төтенше жағдайды жариялау туралы” шешімі шықты.Төтенше жағдайды жою жөнінде жедел штабы құрылды.
Талғат АБЖАППАРОВ Ұлытау селосының әкімі
Ауылымыздың азаматтары техникаларымен шығып сол жұмыстарды бастап жатырмыз. Суға кету қаупі бар аулалардың жолын тазартып жатырмыз. Қазір енді мына жерде Асатовтың 1-ші бағытын істеп жатыр. 2-ші бағыт таудан келетін суағар жолдары ашылып жатыр.
Қазіргі таңда қар тазалау жұмыстары қарқын алды.Ағынды су арналарын аршуға, үй араларындағы қарды сыртқа шығаруға 3 тиегіш пен 6 ауыр жүк көліктері, 1 экскаватор жұмылдырылды. Жұмыстар ауданы әкімінің бақылауында.
ГҮЛІМ МАРАТҚЫЗЫ, СЕРГЕЙ МАЙКОВИЧ «ҰЛЫТАУ»ТЕЛЕАРНАСЫ