«Асық ату» ойыны – қазақ халқының ежелгі өте кең тараған ұлттық ойындарының бірі. Этномәдени құндылықтардың қатарында! Жарыс алдында аудан әкімінің орынбасары Алмаз Қайырбек қатысушыларға сәттілік тіледі.
Облыс біріншілігіне 30 тан аса спортшы қатысты. Солардың бірі Жаңаарқа ауданынан келген – Фархат Саятов.
Иә, Ұлытауда кейінгі жылдары асық ату ойына ерекшекөңіл бөлінуде. Аудан орталығында арнайы үйірме ашылған. Жарыс қортындысы бойынша жеңімпаз – Ұлытау ауданының намысын қорғаған Бекжан Қабжанов атанды
Жеңімпаздар мен жүлдегерлер дипломдар және бағалы сыйлықтармен марапатталды.
Мұқағали Сейтқазы, Мейіржан Мейрамұлы, «Ұлытау» телеарнасы