Турнирді Ұлытау аудандық білім бөлімі ұйымдастырды. Оған білім саласының қызметкерлерінен құралған 12 команда қатысты. Алдымен аудан әкімінің орынбасары Алмаз Қайырбек пен Ұлытау облыстық білім, ғылым және бюджет қызметкерлері кәсіподағының төрағасы Марат Қоңырбаев жарысқа сәттілік тіледі. Турнирге старт берілді.
Қос топқа бөлініп, өзара шеберлік байқасқан командалар арасындағы ойындар қызыққа толы. Салауатты өмір салтын насихаттап, оқушыларға үлгі болды ұстаздар. Әдемі пастар, жүйелі шабуыл, түрлі комбинациялар турнирдің бәсін жоғарлатты. Өмірде дос,әріптес, алаңда қарсылас. Үздік атану үшін білім қызметкерлері барын салды.
Марат ОРАЗАЛИН Ұлытау аудандық дене шынықтыру және спорт бөлімінң басшысы
Сабиғазы Жылқыбаев бүкіл өмірін білім саласын арнаған жан, өз баласына емес, барлық балаға білім берді.Еңбек етті. Енді әрмен қарай жалғасын тауып, турнирді жылдан жылға өткізуге күш саламыз.
Турнир қорытындысында «Үздік қақпашы», «Үздік ойыншы» және «Үздік шабуылшы» номинацияларымен бірқатар ойыншылар марапат төрінен көрінсе, жеңімпаздарға кубоктар мен ақшалай, естелік сыйлықтар табысталды. Атап айтқанда, №11 Қоскөл мектебінің командасы иеленді. Олар енді келесі турнирді өткізеді.
ГҮЛІМ МАРАТҚЫЗЫ, СЕРГЕЙ МАЙКОВИЧ «ҰЛЫТАУ»ТЕЛЕАРНАСЫ