Диқанбай Биткөзовтің есімі – мұқым қазақ даласына мәлім. Жаңаарқа топырға дүниеге келген, ол, аңызға айналған бапкерлік жолында күрес түрлерінен 150-ден астам спорт шеберін дайындап шығарған. Олардың арасында азия және әлем чемпиондарыда бар.
Жарыстың ресми ашылуында облыс әкімінің орынбасары Зина Ақылбекова құттықтау сөйлеп, Диқанбай Дүржанұлына өңір халқы атынан сый құрмет көрсетті.
Жарысқа 2009-2010 жылдары туған 200 ге жуық кіші жасөспірімдер қатысты. Республикалық деңгейде қолға алынған спорттық іс шараның негізгі мақсаты: қазақ күресіне деген қызығушылықты арттыру.
Бозкілемдегі белдесулердің барлығы дерлік тартысты өтті.
Турнир қортындысында 38 келіден бастап 75 келіден жоғары салмақ дәрежесі бойынша үздіктер анықталды. Жеңімпаздар мен жүлдегерлер қаржылай сыйақы және арнайы кубоктермен марапатталды.
Мұқағали Сейтқазы, Думан Оразов, «Ұлытау»