Облыс бойынша 9 сыныпты -3435, 11 сыныпты -1691 түлек бітіреді. "Алтын белгі" аттестатына үміткерлер саны -38 . Былтырғы жылмен салыстырғанда төмендеп кеткен. Облыс әкімі Берік Әбдіғалиұлы облысымыздың бюджетінің 45 пайызы білім саласына кететінін айтты.Алайда сапа жоқ.
Берік ӘБІДҒАЛИҰЛЫ Ұлытау облысының әкімі
Қаражат бөлініп жатыр. Жаға ғимарттар мектептер соғылып жатыр. Ремонт жасалып жатыр. Әрине жеткіліксіз. Бірақ жүріп жатыр жұмыс бірітіндеп. Соның өзінде сапа төмен. Оның нәтижесін көруіміз керек қой.2 жыл болды жаңа кбинеттер алып жатырмыз. Білім сапасы да өзгеру керек деп есептеймін.
2024 жылғы жазғы демалыс кезінде балаларды сауықтырып, демалысын, бос уақытын және жұмыспен қамтылуын дұрыс өткізуге бағытталған шаралар жоспары бекітілген. Жазғы уақытта 101 сауықтыру лагері мен алаңдар жұмыс істейді деп жоспарлануда. Бұл туралы Ұлытау облыстық білім басқармасы басшысының орынбасары Маратбек ТУРЕБКОВ баяндады. Дегенмен,облыста балалар демалатын лагерь жоқ. Жезқазғандағы Орленок лагерінің сиқы айтпаса да түсінікті.
Берік ӘБІДҒАЛИҰЛЫ Ұлытау облысының әкімі
Балаларды демалатын орындарды, малқора қылып жіберген. Алған азматтардың өздері міндеттемелерін дұрыс болған. Алып, жекеменншік қылды енді. Бұл да бір табыстың көзі. Балаларға бергенше мал ұстаған тиімді. Алға азаматтардың жауапкершілігі. Қалаға деген жауапкершілігі осы. Прокуратура айналыссын онда.
Жобалардың бас бар,аяғы жоқ. Сондықтан аймақ басшысы қала әкіміне тиісті шара қолдануды тапсырды. Күн тәртібіндегі екінші мәселе: көкөністердің тасымалдауы және азық-түлік бағасын тұрақтандыру қоры бойынша жағдай. Бұл жайлы «Ұлытау» Әлеуметтік – кәсіпкерлік корпорациясы» акционерлік қоғамының төрағасы Алмат Жөкебаев баянады.
Алмат ЖӨКЕБАЕВ Ұлытау әлеуметтік кәсіпкерлік корпорациясының төрағасы
2024жылы барлығы 233 млн теңгеге жалпы көлемі 698 тонна тауарға сатып-алуға келісім-шарттар жасалды. Ол ұн, қырыққабат,сиыр еті,тауық еті.
Берік Әбдіғалиұлы мұның да кем-кетіктерін тізіп шықты. Жеке кәсіпкерлер картоп,жуа егіп жатыр. Олардың сақталуы қалай болмақ?
Берік ӘБІДҒАЛИҰЛЫ Ұлытау облысының әкімі
Қазір мәіне Исамил деп жатсындар, бьірлестік деп жатсыңдар. Қанша пайызын шешеді олар,қай жерде сақтайды, сақтау қоры қажет жоқ деп жатсыздар.Оның қажеті бар, осы мәселені шешу қажет.
Облыс әкімі жауапты басқарма бөлім басшыларына бүгінгі жиында көтерілген сұрақтарды қарастырып, шешуді тапсырды.
ГҮЛІМ МАРАТҚЫЗЫ,МЕЙІРЖАН МЕЙРАМҰЛЫ «ҰЛЫТАУ»ТЕЛЕАРНАСЫ