Қаламға серт еткен ақын-жазушы, өнер мен тарих тағылымымен таныстыратын музей қызметкері, білім бұлағымен сусындатқан кітапханашы, мазмұнды қойылыммен көрерменге ізгілік нəрін сыйлайтын театр әртісі, өңірлердегі мəдениет ошақтарында қызмет етіп жүрген өзге де мамандар бүгін осы кештен табылды.
Ұлантай ҮСЕНОВ Ұлытау облысы әкімінің орынбасары
Ұлытау облысы бойынша 38 мәдениет және клуб үйірмелері, 56 кітапхана, Серке театры, Қалмағанбетов филармониясы, шығармашылық орталықтар сондай-ақ 4 музей халыққа қызмет етіп келеді.
Мәдениет саласының 12 майталманы мәдениет және ақпарат министрлігінің «Мәдениет саласының үздігі» төсбелгісімен марапатталды. Марапат алғандардың қатарында 2002жылдан бері халық достығы мен мәдениет үйінде қызмет етіп келе жатқан Нұржамила Аманова да бар.
Нұржамила АМАНОВА Мәдениет саласының үздігі төсбелгісінің иегері
Шығармашылыққа, ұйымдастырушылық қабілетіме байланысты сектор меңгерушісі, көркемдік жетекші болдым. Одан кейін2008 жылдан бастап осы уақытқа дейін директорының орынбасары қызметін атқарып келе жатырмын. Шығармашлыық ұжымның өсуіне барлығымыз жұмыс істеп келе жатырмыз.
Мәдениет және ақпарат министрлігінің «Еңбек ардагері» медалі 4 ардагерге берілді. Одан әрі мәдениет саласының үздіктеріне 20 номинация бойынша марапат табысталды. Әр номинация иегеріне 500 мың теңге көлемінде ақшалай сыйақы берілді. Кеште Т.Қалмағанбетов атындағы филармония әншісі Перизат Несіпбаева бірден екі жүлдені иеленді. Оған мәдениет саласының үздігі төсбелгісі мен «жылдың эстрада жанрының вокалисі» номинациясы тапсырылды.
Перизат НЕСІПБАЕВА Мәдениет саласының үздігі төсбелгісінің иегері
Өнер жолында 2000 жылы Жезқазған смуызкалық колледжіне оқуға түстім. Содан бері үлкен белестірді бағындырып кееле жатырмын. Қазіргі таңда өнер жолына келгеніме 18 жыл болды. Марапат алған барша өнерпаздарды құттықтаймын.
Басты марапат 20-шы номинация - «Мамандығына адалдығы үшін» және 1 млн теңге ақшалай сыйлық. Бұл марапатқа филармония әншісі, Қазақстанның еңбек сіңірген әртісі Береке Көшенов лайық деп танылды.
Бүгінде «Ұлытау үні», «Жезкиік» және «Көкмайса» фестивальдері облысымздың визиткасына айналды. Елдің атын шығаратын негізгі екі сала бар олар: мәдениет пен спорт. Сондықтан да халқымыз өнерпаздарын әрдайым құрмет тұтқан.Іс-шара соңы концерттік бағдарламаға ұласты.
ГҮЛІМ МАРАТҚЫЗЫ,СЕРГЕЙ МАЙКОВИЧ «ҰЛЫТАУ»ТЕЛЕАРНАСЫ