ЖЕЗҚАЗҒАН ҚАЛАСЫ

Фракция отырысы

Бөлісу:

Жиынды   облыстық маслихат фракция жетекшісінің орынбасары Силар Қияқбаев ашып жүргізіп отырды. Күн тәртібіндегі басты мәселе: «AMANAT» партиясының «Халықпен бірге!» сайлауалды бағдарламасын іске асыру бойынша  2023-2027 жылдарға арналған Ұлытау облысының жол картасындағы 2023 жылы орындалған және кейінге шегерілген тармақтар . Қалалар мен аудандардың әкімдері тұрғындардың табысын арттыру, өмір сүру жағдайын жақсарту және экологиялық жағдайды жақсарту сияқты бірнеше бағыт бойынша атқарылған жұмыстарға тоқталды.Алғашқы болып баяндама жасаған қала әкімі жүргізіліп жатқан жұмыстар жайлы айтты. Жезқазған қаласы бойынша жол картасында 64 іс-шара қарастырылып, оның 47-сі аяқталған.10-ы орындалмаған.

 

Қайрат ШАЙЖАНОВ Жезқазған қаласының әкімі


Бірінші бағыт – халықтың табысын арттыру бойынша 2164 жұмыс орны құрылды, оның 1202-сі жастар, жұмыссыздар қатарындағы 49 адам білім беру ұйымдарына оқуға жіберілді. Жұмыс істеп тұрған шағын және орта бизнес субъектілерінің саны 7915құрайды, 2022 жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 7,4 пайызға өсті.

 


 Облыс орталығында 300 орындық жайлы мектептің құрылысы басталып, Қаныш Сәтбаев атындағы №7 мектеп-лицейде күрделі жөндеу жұмыстары жүргізілді. Бастауыш сынып оқушыларының 100 пайызы және халықтың әлеуметтік осал топтарындағы мектеп жасына дейінгі 682 бала тегін ыстық тамақпен қамтылған. Сонымен қатар, сапалы медицинаға қол жеткізуге және тұрғын үй инфрақұрылымын дамытуға ерекше көңіл бөлінуде. Жылу желілерін, сумен жабдықтауды, шаруашылық-ауыз су тазарту құрылыстарын қайта жаңғырту жобалары іске асырылуда, ағынды суларды бұру жүйелерін қайта құру жобасы әзірленуде. Әлеуметтік саладағы мәселелер кезең-кезеңімен шешілуде. Одан әрі жол картасының орындалу барысы туралы Сәтбаев қаласы әкімінің міндетін атқарушы Алмат Саухимов баяндады.

 

Алмат САУХИМОВ Сәтбаев қаласы әкімінің м.а.


Жол картасының бірінші бөлігі кірісті арттыру Сәтбаев қаласының экономикасын дамыту мақсатында 2023-2025 жылдарға сапалы жұмыс орындарын құру жоспарлаунда.Жұмыспен қамту сондай-ақ жас кәсіпкерлерге грант беру, ауыл шаруашлығын дамыту және туризмді дамыту. Бұл бөлімдер біздің орындалуымызда 22 міндет тұр. 14 норма орындалды,3 жоба орындалуда,оның ішінде 5 жоба орындалмау қаупі бар. 

 


 Алмат Өмірзақұлы белгіленген көрсеткіштердің орындалмау себептеріне тоқталды. Мәселен, «Сарытау компаниясы» іріктеп алу әдісімен мыс өндіру зауытының құрылысы экономикалық мақсатқа сәйкес келмегендіктен тоқтатылған, сондай-ақ жұмыс істеп тұрған шағын және орта бизнес санын 25 мыңға көбейтеміз деген жоспар орындалмаған.

 Өмір сүру сапасын жақсарту бойынша орындаулы керек 29 жоба бар. 6 жобаның орындалу мерзімі басталған жоқ, 22 жоба іске асқан, қазіргі таңда 1 жоба орындалу үстінде. Жиынға Zoom платформасы арқылы қосылған Қаражал қаласы, Ұлытау және Жаңаарқа аудандарының әкімдері де атқарылған жұмыстар туралы есеп берді. «Аманат» партиясы облыстық филиалының төрағасы Бауыржан Шыңғысов әкімдердің берген ақпаратына көңілі толмады.

 

Бауыржан ШЫҢҒЫСОВ «AMANAT» партиясы Ұлытау облыстық филиалының төрағасы


Өкінішке орай бүкіл жұмыстарыңыз шикі.Сол себептен қала аудан әкімдеріне,мәслихат төрағалары отыр ғой жиналыста. Барлығымыз жол картасының орындалуын қатаң бақылауға алуымыз керек. 

 


  Жиын соңында «Аманат» партиясы Ұлытау облыстық филиалының төрағасы жауапты тұлғаларға жүктелген міндеттерді сапалы әрі уақытылы орындалу қажет екендігін жеткізді. 

 

ГҮЛІМ МАРАТҚЫЗЫ, МЕЙІРЖАН МЕЙРАМҰЛЫ «ҰЛЫТАУ»ТЕЛЕАРНАСЫ


Күнтізбе

«    Ноябрь 2024    »
ПнВтСрЧтПтСбВс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930 
Біздің ақпараттық бюллетеньге жазылыңыз!
Біз спам жасамаймыз
Парақшаның жұмысын бағалаңыз)

Тегтер бұлты