Серік Аманов - 1954 жылы бұрынғы Семей облысы, Аягөз қаласында дүниеге келген. 1963 жылы отбасымен қарт Ұлытаудың бауырына көшіп келген бала Серіктің - үлкен спорт әлеміне деген қадамдары осы өлкеден басталады. Кеңес елдері арасындағы бірнеше ірі додаларды топ жарған боксшы Серік – жаттықтырушылық жолда да толайым табыстарға жеткен. Саңлақ спортшыға қала әкімінің орынбасары құрмет көрсетті.
Мерейтой иесін құттықтауға жаттықтырушының шәкірттері де жиналды. «Ұстазы мықтының – ұстанымы мықты», - деген олар бүгінгі биік белестеріміздің бастауында бапкеріміз тұр деді.
Айта кетейік, Серік Амановқа мұхиттың арғы бетінен, даңқы боксшы, олимпиада чемпионы Василий Жиров бейне байланыс арқылы арнайы құттықтады. Көрсетілген құрмет пен көлдей көңілге спорт ардагері алғысын айтты.
1999 жылы Алматы қаласына қоныс аударған Серік Махметұлы: «Менің өмірімде – өндірісті өлкенің алар орны айрықша», - деп ағынан жарылды.
Мұқағали Сейтқазы, Мейіржан Мейрамұлы, «Ұлытау» телеарнасы