ЖЕЗҚАЗҒАН ҚАЛАСЫ

Жемқорлықты жеңуге жұрт болып жұмылу керек

Бөлісу:

Алма СӘЛІМЖАНҚЫЗЫ тілші

Сыбайлас жемқорлықпен күресу бүгінгі күннің күрделі мәселесі болып отыр. Қоғамға қауіп төндіретін осындай келеңсіз әлеуметтік құбылысқа қарсы шаралар қатаң қолға алынып жатыр. Десек те, жең ұшынан жалғасқан жемқорлық мәселесінің маңызы уақыт өткен сайын артпаса, кеміген емес. 

Ардақ СЕРІКБАЕВА  қала тұрғыны 

Бәрі жемқорлық қой! Бәрі жеп жатыр. Дүкенің ол жеп жатыр, басқаң ол жеп жатыр. 

Жайнабек НАУХАНБАЙ қала тұрғыны 

Өзімде ондай болмаған бірақ, қаламыз дамымай жатыр да... ешқандай өзгеріс жоқ қой. Осының бәрі сыбайлас жемқорлықтың белгісі ғой. 

Ақмарал ХАМИТОВА қала тұрғыны

Енді ол дұрыс емес қой. Честность жоқта елде. Өзім сүйтіп ойлаймын. Таза, адал жұмыс істеген дұрыс деп ойлаймын. 

Меруерт НҰРЛАНҚЫЗЫ қала тұрғыны

Сыбайлас жемқорлық бұл-еліміздің дамуына, болашағына зиян келтіреді. Балалардың оқуына, білім алуына, қоғамымыздың дамуына айтарлықтай зиянын тигізеді. 

Алма СӘЛІМЖАНҚЫЗЫ тілші 

Қала тұрғындарының басым көпшілігі сыбайлас жемқорлыққа қарсы екендігін анық жеткізді.  Қазақстан Республикасының әр азаматы сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыра білсе еліміздің дамуы бұданда биік дәрежеге көтерілетіні хақ. Жалпы, кез-келген адам өз отбасында, әріптемтерінің арасында осы бір қағидаларды ұран қыла білсе, бұл індеттің түбімен жойылатыны анық. 

АЛМА СӘЛІМЖАНҚЫЗЫ,АЙДОС ӨМІРБЕКҰЛЫ «ҰЛЫТАУ»ТЕЛЕАРНАСЫ 

Күнтізбе

«    Ноябрь 2024    »
ПнВтСрЧтПтСбВс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930 
Біздің ақпараттық бюллетеньге жазылыңыз!
Біз спам жасамаймыз
Парақшаның жұмысын бағалаңыз)

Тегтер бұлты