Алма СӘЛІМЖАНҚЫЗЫ тілші
Алаяқтық- бөтеннің мүлкін жымқыру, алдау немесе сенімді теріс пайдалану. Бүгінде ғаламтор пайдаланбайтын, әлеуметтік желілерде парақшасы жоқ адамдар кемде кем. Ал, дәл қазір біз қала тұрғындарының әлеуметтік желідегі алаяқтың құрбаны болған жоқ па екен, бірге сұрап көретін боламыз.
Жұлдыз ҚАБАНБАЕВА қала тұрғыны
Неше түрлі номерлермен, бөтен номерлермен звандайды. Қазақтелекомнан звандап жатырмыз, сіздің атыңыздан несие рәсімдеп жатыр деп. Оның ешқайсына сенуге болмайды, оның бәрі жалған. Хабарласты, мен айттым менің уақытым да жоқ, көңіл бөле алмаймын, мазамды алмаңыз деп қойдым.
Маржан НҰРМҰХАНБЕТОВА
Иә, кейде звандаған кезде менен банк картамның номерін сұрайды. Бірақ, түсінікті болғаннан кейін ештеңе бермеймін, телефонды қоя саламын, заблокироват етіп тастаймын. Сақтықта қорлық жоқ қой, неизвестный номерлер болса өшіріп отыруға тырысамын.
Айзада ОМАРХАНОВА
Мен өзім жалпы сенбейді екенмін ондайларға. Телефонымды да алмаймын. Ал енді туысқандарым былай айтып жатады звандады, телефоннан сообщение жасады, жаңағы балаңызға осындай болып қапты... енді неше түрлі звандайды ғой. Сосын банктерден звандайды көбінесе.Мен жалпы сенбеймін. Мен айтам өзім маған керек сумманы өзім барып банкіден алам деп.
Алма СӘЛІМЖАНҚЫЗЫ тілші
Байқағанымыздай қала тұрғындары алаяқтардың түрлі тәсілдерді пайдалану арқылы хабарласқанын жеткізді. Ал, алаяқтардың құрбаны болған азаматтарды қуанышқа орай кездестірмедік. Дегенменде, ақпараттық технологияның ғарыштық жылдамдықпен дамыған тұсында үнемі сақ болу үлкен рөл атқаратынын есте сақтағанымыз абзал.
АЛМА СӘЛІМЖАНҚЫЗЫ, АЙДОС ӨМІРБЕКҰЛЫ «ҰЛЫТАУ» ТЕЛЕАРНАСЫ