ЖЕЗҚАЗҒАН ҚАЛАСЫ

Әкімшілік актіге сотқа дейінгі шағымдану тәртібі

Бөлісу:

Әкімшілік актіге, әкімшілік әрекетке, әрекетсіздікке шағым әкімшілік рәсімге қатысушыға әкімшілік актіні қабылдау немесе әкімшілік әрекет жасау не болмаса әрекетсіздік таныту туралы  белгілі болған күннен бастап үш айдан кешіктірілмей әкімшілік органға, лауазымды адамға берілетін болады. 

Гүлсара  БАЙГЕНЖИНОВА    Ұлытау облысының мамандандырылған ауданаралық  әкімшілік сотының судьясы

барлықтарына қайтадан назар саламын, заңгерлер болсын, қорғаушылар болсын, жеке тұлғаның өзі не заңды тұлғаның өзі сотқа шағымданудан бұрын ең бастысы әкімшілік процестік кодексінің 91-ші бабын сақтай отырып, өзінің жолданымын қараған әкімшілік органның немесе лауазымды тұлғаның әрекетімен қанағаттанбаған тұлға ең біріншіден осы әкімшілік актіге немесе әкімшілік әрекетке, әрекетсіздікке өзінің шағымын жоғары лауазымды тұлғаға немесе жоғары әкімшілік органға беруге міндетті. 

Сондай-ақ, егерде әкімшілік актісіне, әкімшілік әрекетіне,әрекетсіздігіне шағым жасалатын әкімшілік орган, лауазымды адам, егер   үш  жұмыс күні ішінде шағымда көрсетілген талаптарды толық қанағаттандыратын қолайлы әкімшілік акт қабылдаса, әкімшілік әрекет жасаса, шағым қарайтын органға шағымды жібермеуге құқылы. 

АЛМА СӘЛІМЖАНҚЫЗЫ, МЕЙІРЖАН МЕЙРАМҰЛЫ «ҰЛЫТАУ» ТЕЛЕАРНАСЫ 

Күнтізбе

«    Ноябрь 2024    »
ПнВтСрЧтПтСбВс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930 
Біздің ақпараттық бюллетеньге жазылыңыз!
Біз спам жасамаймыз
Парақшаның жұмысын бағалаңыз)

Тегтер бұлты