Мемлекеттік тілді дамыту- елдің ұлттық қауіпсіздігін қамтамасыз етудің және нығайтудың маңызды шарттарының бірі. Осы орайда өткізілген дөңгелек үстелдің мақсаты- Ұлытау облыстық қорғаныс істері, төтенше жағдай және полиция департаменттерінде Қазақстан Республикасы тіл туралы заңнамасының сақталуы мен мемлекеттік тілдің қолданылу аясын кеңейту жолында атқарылып жатқан жұмыстармен танысу.
Ержан КӨШЕРБАЕВ Ұлытау облыстық «Ресурстық тілдерді дамыту орталығы» КММ басшысы
Бүгінгі кездесуіміз ол біздің құқық қорғау органдары, қорғаныс істері, төтенше жағдай департаменттеріндегі мемлекеттік тілдің қолданыс аясы. Сол енді осы мақсатта ұйымдастырылып жатқан дөңгелек үстел алда да облыстық, басқа да мекемелермен осындвй іс-шаралар әртүрлі форматта жалғасын таба береді.
Дөңгелек үстелге Ұлытау облыстық қорғаныс істері, төтенше жағдай департаменттері, құқық қорғау қызметкерлері және «Халықаралық «Қазақ тілі» қоғамы Ұлытау облыстық филиалының, басқарма мен ресурстық орталық басшылары мен мамандары қатысты. Сонымен қатар іс- шараға қатысушы өкілдердің ақпараттары тыңдалып, мұқият талқыланды.
Әйгерім РЫМБЕКОВА Ұлытау облысы полиция департаментінің Ақпараттық саясат бөлімінің аға инспекторы
ҚР-ның яғни Ішкі істер органдарындағы тіл саясатын дамытудың 2023-2029 жылдарға арналған тұжырымдамасын жүзеге асыруда. Ұлытау облысының полиция департаменті бірқатар іс-шараларды өткізуде. Атап айтар болсақ, 2024 жылдың екінші тоқсанына арналған есептерде, кіріс-шығыс құжаттарында 99% көрсеткішті көрсетті. Сонымен қатар, полиция департаментіндағы арыздар, жоспарлар, анықтамалар, өткізілетін жиналыстар мемлекеттік тілде жүзеге асырылады.
Аманбек ҚУАНЫШБЕКОВ Ұлытау облысы ТЖД құжаттамалық қамтамасыз ету және мемлекеттік тілді дамыту тобының бас маманы
Ұлытау облысының ТЖД-де биылғы талдама бойынша 2024 жылдың бірінші жарты жылдығының қорытындысы бойынша мемлекеттік тілдегі құжаттардың үлесі 100%. Сонымен қоса жыл сайын мемлекеттік тіл деңгейін анықтау бойынша тіл тану орталығынан келіп қабылдайтын «QAZTEST» бойынша былтыр департаменттен 20 қызметкер, биыл 2024 жылы 20 қызметкер тапсырып өздерінің тіл деңгейі бойынша сертификаттар алып шықты.
Сонымен қатар, «Халықаралық Қазақ тілі қоғамы» Ұлытау облысы филиалының төрайымы Базаргүл Үмбетова дөңгелек үстел барысында көтерілген мәселелер жайында өз ойын ортаға салып, алдағы уақытта бірлесе атқарылатын жобалар жайлы тоқталды.
АЛМА СӘЛІМЖАНҚЫЗЫ, АЙДОС ӨМІРБЕКҰЛЫ «ҰЛЫТАУ» ТЕЛЕАРНАСЫ
Пікірлер орны
Күнтізбе
« Ноябрь 2024 » | ||||||
---|---|---|---|---|---|---|
Пн | Вт | Ср | Чт | Пт | Сб | Вс |
1 | 2 | 3 | ||||
4 | 5 | 6 | 7 | 8 | 9 | 10 |
11 | 12 | 13 | 14 | 15 | 16 | 17 |
18 | 19 | 20 | 21 | 22 | 23 | 24 |
25 | 26 | 27 | 28 | 29 | 30 |