Қала әкімі Қайрат Шайжанов бастаған топ – елдің ақсақалдарымен жол бойындағы бейіттер алаңына барды. Жоспарланған Жезқазған-Қарағанды жолының жобасы талқыланды. Облыстық Дін істері мен Жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасы басшылығымен бірлесе жұртшылыққа ақпараттық түсіндірме айтылды. Бүгінде қорым шеті қара жолға тақаған.
Қуанышбек Нарыбаев, еңбек ардагері
Алғашқы қорым басталғаннан-ақ халыққа жария еткен жолға таяу бейіт-қорым салмаңыздар деп талай рет айтылды. Оған бірақ біздің жамағат, халық тыңдамай жолға өте таяу жерлеп жатты. Халыққа айтарымыз мына қорымның жолға таяу жағына адамдарды қоймауға тапсырма беріліп жатыр. Сондықтан халық болып, ел болып осыны қолға алып мынау үкіметіміздің салып жатқан жолына кедергі жасамай соған көмек берулеріңізді сұраймын.
Марғұлан Сейдахметов, Жезқазған қаласының жер қатынастары бөлімінің басшысы
Жезқазған қаласының бас жоспарына сәйкес Жезқазған қаласында жерлерйтін екі орын бекітілген.Оның біреуі христиан мазарлары содан кейін, үшінші ауылдың маңайында орналасқан мұсылман қорымы.Заңды түрде жерлеу рәсімі сол жақта өтілу керек. 4 жолақты жолды салу үшін бержақтан 10 км жерде бұрылып, осы мазарларды айналып қалаға кіретін жол жоспарлануда.
Аталған бағыттағы түсіндірме жұмыстарын салаға жауапты мамандар әрі қарай да жалғастыра бермек.
АЛМА СӘЛІМЖАНҚЫЗЫ, ДУМАН ОРАЗОВ «ҰЛЫТАУ» ТЕЛЕАРНАСЫ