Қазақстан Республикасы Конституциясының 13-бабының 3-тармағына сәйкес әрбір азаматтың білікті заң көмегін алуға құқығы бар. Сондай-ақ заңда көзделген жағдайларда мұндай көмек тегін көрсетіледі. Ал, "Адвокаттық қызмет және заң көмегі туралы" Заңның 26-бабында Мемлекет кепілдік берген заң көмегін алуға құқығы бар адамдардың тізімі көрсетілген.
Гүлназ НҰРЛАНБЕКОВА Ұлытау облысының әділет департаментінің құқықтық түсіндіру жұмысы және заңгерлік қызмет көрсету бөлімінің басшысы
«Адвокаттық қызмет және заң көмегі туралы » Заңның 20-шы бабында заң көмегін өз құзіреті шегінде мемлекеттік органдар; адвокаттар, нотариустар, жеке сот орындаушылары, заң консультаттары; заң көмегін көрсетіп жүрген және заң көмегін көрсететін тұлғалардың міндетті мүшелікке негізделген коммерциялық емес ұйымдарында және заң консультаттарының палаталарында тұрмайтын жеке тұлғалар көрсететіндігі бекітілген.
Ол үшін "Адвокаттық қызмет және заң көмегі туралы" Қазақстан Республикасы Заңы 15-бабының 2-ші және 3-ші тармақшаларында көзделген мемлекет кепілдік берген заң көмегін көрсету туралы өтінішхатпен жүгінген адам тізімін уәкілетті орган бекітетін, мемлекет кепілдік берген заң көмегін алу құқығын растайтын құжаттарды ұсынуға тиіс.
АЛМА СӘЛІМЖАНҚЫЗЫ, АЙДОС ӨМІРБЕКҰЛЫ
«ҰЛЫТАУ» ТЕЛЕАРНАСЫ