Жаңа оқу жылының қарсаңы - мектеп жасындағы баласы бар әр шаңырақ үшін қарбалас пен әбігерге толы. Оқу жылына сақадай сай тұру-ол міндет. Десек те осы міндетті орындау қалтаға салмақ салатыны айқын. Ең арзаны базарда десек теқазіргі балалар киімді өздері таңдайды. Ал, базар сөрелерінде тұрған саудагерлер мектеп оқушыларына қажетті құралдарының бағасы дүкенмен салыстырғанда арзан , сапасы да дүкеннен кем түспейтіндігін алға тартады.
Бейсенкүл МАМАШОВА саудагер
Биыл балалардың жиделері- кішкентай балаларға 3000 теңгеден кофталар, юбкалар 2500 ден. Былтырғыға қарағанда шамалы арзандады. Үлкен балалардікі жиделері 4000 теңгеден. Кішкентай балалардың, кішкентай сыныпқа баратын балалардың шалбарлары 3000-2800 теңгеден сатып жатырмыз базарда. Былтырғылар менде көп, соған распродажа істеп жатырмын.
Күнай АБИЛДИНОВА саудагер
Мектептің оқушыларына арналған аяқ-киімдер 18-20мыңның көлемінде, таза былғары. Енді Қытайдан келген аяқ-киімдерде бар. Бұлар бағалары 10-12 мыңның көлемі. Алдыңғы жылмен салыстырғанда Алматының базарынан аламыз ғой біз көбісіне. Ол жерде қымбат аяқ-киімдер.
Баланы киіндіріп, сөмкесін толтыра оқу-құрал сатып алып беру көпбалалы ата-ана үшін оңайға соқпайтыны анық.Биыл оқу-құралдар мен киім-кешектің сапасы жоғары, ал құны ата-ана үшін қолжетімді ме?
Іңкәр ӨМІРЗАҚОВА қала тұрғыны
Мен бес баланың анасымын. Мына ұлымды киіндіріп жүрмін. Кеше Nurkids-тен 2 көйлек, шалбар алдық, жилет алдық. 45 мың осы балама кетті. Бұған әлі туфли алу керек, не алу керек. Короче бір балаға 70-80мың кетіп тұр ғой. Қолжетімді емес, енді әр жерді аралап жүріп алып жүрміз киімді.
Мариям ҚАЗБЕКОВА қала тұрғыны
Біздің үйден 3 бала мектепке барады. Осы үш балаға киім аламыз. Киімдер бәрі қымбат қазір балалардың. Сол киім алып жүрміз. Енді бұлардың киімдері бір 500ге кетеді ғой . 500-ден көп болмаса аз болмайды киімдері.
Сонымен, бір оқушыны мектепке дайындау үшін 100мыңның көлемінде қаражат жұмсайды екенсіз. Оның сапасы тағы бар. Сапасына байланысты бағасы да жоғарылай береді. Ал, бір үйден 5 бала мектепке барса қайтпек керек? Кім баласының жарқырап жүргенін қаламайды...
АЛМА СӘЛІМЖАНҚЫЗЫ, СЕРГЕЙ МАЙКОВИЧ
«ҰЛЫТАУ» ТЕЛЕАРНАСЫ