Елімізде иммундау мәселесі денсаулық сақтау саласындағы басым бағыттардың бірі. Халықты вакцинациялау дифтерия, сіреспе, қызамық, паротит, инфекциялармен сырқаттанушылық деңгейін айтарлықтай төмендетті дейді денсаулық сақтау мамандары
Гүлсара АЙМУРЗИНОВА Ұлытау облысының санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаментінің бас маманы
Айта кетейік, адам папиллома вирусына қарсы вакцина 15 жылдан астам уақыт бойы әлемнің 125 елінде қолданылып келеді.Вакцинаны енгізудің басты мақсаттарының бірі еліміздегі жатыр мойны обырының жиелігін төмендету.
Гүлсара АЙМУРЗИНОВА Ұлытау облысының санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаментінің бас маманы
Елімізде туберкулезге, дифтерияға, пиломиелитке, қызылша мен көкжөтелге қарсы екпелер міндетті. Сондай-ақ, жыл сайын шамамен 5 млн. адам оның ішінде 1,3 млн бала инфекциялық ауруларға қарсы егілген.
АЛМА СӘЛІМЖАНҚЫЗЫ, ДУМАН ОРАЗОВ
«ҰЛЫТАУ» ТЕЛЕАРНАСЫ