ЖЕЗҚАЗҒАН ҚАЛАСЫ

Пресс - тур

Бөлісу:

«Жезқазған таратушы электр торабы компаниясы» акционерлік қоғамының 2023-ші  жылға арналған инвестициялық бағдарламасы толық көлемде ал, 2024-ші жылы  30% - ға орындалған. Бұл жобаның басты мақсаты  қаржы желілері мен құрылғыларды жаңартуға, негізгі жабдықтардың тозу көрсеткіштерін төмендетуге сондай-ақ,  қызмет көрсету сапасын арттыруға бағытталды дейді департамент басшысы.

Дәуір ЖҮНІСБЕКОВ ҚР Ұлттық экономика министрлігі Табиғи монополияларды реттеу комитетінің Ұлытау облысы бойынша департаментінің басшысы

ҚР Табиғи монополялар заңының талаптарына сәйкес әр ірі табиғи монополиялар субьектілері әр жылға арналған инвестициялық бағдарламаның да жоспарланған іс-шаралардың орындалуы бойынша баспасөз турын өткізу міндетті. Енді бұның талаптары ақпараттандыру, осы жылға жоспарланған іс-шаралардың нақты қалай орындалғаны, журналистер тарапынан бақылау, халықты құлақтандыру, сапасына көз жеткізу.

Баспасөз турына қатысушылар ең бірінші ат басын бұрған нысан Кеңгір селосындағы «№2-ші Мектеп». Білім ордасының ішкі тарату инженерлік электр желілеріне қуат тарнсформаторлары, кіріспе, сызықтық панельдер, ажыратқышы бар секциялық панель мен ұяшықтары ауыстырылды. 

Анатолий ХАРИТОНОВ Жезқазған таратушы электр торабы компаниясы бас инженерінің орынбасары  

2024 жылы тұтынушыларды электрмен жабдықтау мақсатында Кеңгірдегі мектептің трансформаторлық қосалқы станциясы қайта жаңартылды. 4 киловольт пен 10 киловольт арнайы шкафтар және екі трансформатор ауыстырылды. Қыс мезгіліне трансформаторлық қосалқы станциясы толығымен дайын, ғимаратқа ағымдағы жөндеу жүргізілді.

Компанияның атқарып жатқан жұмысын Ұлытау өңірі мәслихатының депутаттары бағалады.Делегация одан әрі Кеңгір ауылындағы әуе желілеріне арналған сым желілерін көрді. Жоспарланған 60 дана тіректің 40-ы ауыстырылған. Әлі 20-сы ауыстырылатын болады.

Анатолий ХАРИТОНОВ Жезқазған таратушы электр торабы компаниясы бас инженерінің орынбасары  

2024 жылы Кеңгір бойынша тіректер ауыстырылады. Ескі ағаш тіректер жаңа темірбетонға ауысады. Сондай-ақ, ол Кеңгір тұтынушыларын және әлеуметтік маңызы бар объектілерді электрмен жабдықтау сенімділігін арттырады деген  ойдамыз. 

Баспасөз турының бірінші күнінің қорытындысы бойынша департамент басшысы кәсіпорынға осы бағыттағы жұмыстары күшейту қажет екенін жеткізді. Сондай-ақ,оған қатысқан мүдделі тұлғалар да өздерінің ұсыныс пікірлерін ортаға салды Айта кетейік, баспасөз туры Жаңаарқада  жалғасты. 

ГҮЛІМ МАРАТҚЫЗЫ,АЛМА СӘЛІМЖАНҚЫЗЫ, ДУМАН ОРАЗОВ «ҰЛЫТАУ»ТЕЛЕАРНАСЫ

 

Күнтізбе

«    Ноябрь 2024    »
ПнВтСрЧтПтСбВс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930 
Біздің ақпараттық бюллетеньге жазылыңыз!
Біз спам жасамаймыз
Парақшаның жұмысын бағалаңыз)

Тегтер бұлты