ЖЕЗҚАЗҒАН ҚАЛАСЫ

Экологиялық жағдай сарапталуда

Бөлісу:

Ғылыми зерттеу жұмысымен айналысып отырған «ЭКОСЕРВИС-С» ЖШС әр айда атқарылған жұмыстары жөнінде комиссия мүшелері мен аймақтың қоғамдық өкілдері алдында есеп беріп келеді. Жиын барысында ағымдағы жылдың тамыз айындағы атмосфералық ауаның, ауыз судың, топырақтың, өсімдіктердің, халықтың денсаулығының сапасын бағалау бойынша атқарылған жұмыстардың нәтижелері таныстырылды. Жүргізіліп жатқан зерттеулердің басты мақсаты Ұлытау ауданы мен Жезқазған, Сатпаев қалаларының экологиялық статусын анықтау.

Қазіргі уақытта осы айға ауа сапасын тексеру, су сапасын, топырақ,өсімдік сапаларын тексеріп жатырмыз. Келесі айдың 15-не дейін барлық далалық жұмыстар бітеді. Одан кейін анализ жасау жұмыстары жүргізіледі. Және де осы қыркүйек айында көп бағдар бойынша  қорытындылар беріледі. Алдыңғы аймен салыстырған кезде сезонмен қараған кезде былтырғы айдың осы айымен салыстырғанда жағдай сондай, экологиялық ауытқулар біраз анықталып жатыр. 

Айта кетейік,облыстық комиссиясының отырысы айына бір рет ұйымдастырылып отырады. Ал комиссия мүшелері алда әлі де  ауқымды міндеттер тұрғанына, оны сапалы атқару қажеттігіне тоқталды.

АЛМА СӘЛІМЖАНҚЫЗЫ, АЙДОС ӨМІРБЕКҰЛЫ 

«ҰЛЫТАУ» ТЕЛЕАРНАСЫ 

Күнтізбе

«    Ноябрь 2024    »
ПнВтСрЧтПтСбВс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930 
Біздің ақпараттық бюллетеньге жазылыңыз!
Біз спам жасамаймыз
Парақшаның жұмысын бағалаңыз)

Тегтер бұлты