№21-ші жалпы білім беретін мектебінде 1қыркүйек- білім күніне арналған «Мектебім- мейірім мекені» тақырыбында алғашқы қоңырау салтанатты жиыны өтті. Жаңа оқу жылында 1- сыныптың 95 бүлдіршіні алғаш мектеп табалдырығын аттады, 11- сыныпты 40 оқушы тәмамдайды. Салтанатты шара Қазақстан Республикасының мемлекеттік әнұранымен басталды. Білім атты кеменің айдынында жүзетін 1- сынып оқушыларын алғашқы қоңырау мерекесімен Жезқазған қаласы әкімінің орынбасары Бақытжан Жайлаубаев құттықтап, жылы лебізін білдірді.
Бақытжан ЖАЙЛАУБАЕВ Жезқазған қаласы әкімінің орынбасары
Білімді ұрпақ қашанда болмасын кемел келешектің кепілі дейді. Сондықтанда бүгінгі осы мынау мектептің табалдырығын аттап жатқан 95 бүлдіршініміз осы білімді әрі тәрбиелі болып өсуіне тілектеспіз.
:Айта кетейік, ең алғаш 1969 жылдың 1 қыркүйегінде "№21 жалпы білім беретін мектебі бірінші білім алушыларын қабылдаған. Биыл 55 жыл тарихы бар үздік білім ордасына айналып отыр. Қазіргі таңда мектеп қабырғасында 1099 бала білім алса, 105 маман еңбек етуде.
Салтанатты жиын оқушылардың мерекелік бағдарламасымен жалғасты. Қоңыраудан соң 1-ші сынып оқушылары алғашқы сынып сағаттарына кірді.
АЛМА СӘЛІМЖАНҚЫЗЫ, МЕЙІРЖАН МЕЙРАМҰЛЫ
«ҰЛЫТАУ» ТЕЛЕАРНАСЫ