Облыс әкімінің жеке қабылдауына "Қазтехфильтр" ЖШС директоры Дмитрий Иванченков "Қазтехфильтр"зауытының корпустық сүзгілерді өндіру желісін іске қосу мәселесі бойынша жүгінді. Берік Әбдіғалиұлына сүзгілердің бір данасы ұсынылды. Дмитрий Леонидовичтің айтуынша, қазіргі уақытта техниканың 300-ден астам түріне сәйкес келетін 8 типтік өлшем әзірленуде.
Дмитрий Иванченков, "Қазтехфильтр"ЖШС директоры
Біз қазір 8 типтік өлшемді игеріп жатырмыз және олар техниканың 300-ге жуық түрлі атауларына сәйкес келеді. Бір сүзгі ол әр түрлі техникада болуы мүмкін. Дүйсенбіде индустриялық сертификатқа өтініш береміз. Менің ойымша, 10-15-ші қыркүйекке дейін біз өнеркәсіптік сертификаттар ала аламыз.
Қаражал қаласының тұрғыны Айжан Ақбердиева Ұлытау облысының басшысына бейнебайланыс арқылы тұрғын үй мәселесімен жүгінді. Сонымен қатар, Сәтбаев қаласының тұрғыны Жанил Рустамбаева жер, қала құрылысы мәселелері бойынша Сәтбаев қалалық әкімдігінің жұмысына шағымданды.Айта кетейік, аймақ басшысы Берік Әбдіғалиұлы аптаның әр бейсенбіде азаматтарды жеке мәселелері бойынша қабылдайды. Оған жазылу төмендегідей телефондар арқылы жүзеге асырылады.
Экранға: 8 (7102) 73-56-41, 8 (7102) 73-33-59.
АЛМА СӘЛІМЖАНҚЫЗЫ, АЙДОС ӨМІРБЕКҰЛЫ
«ҰЛЫТАУ» ТЕЛЕАРНАСЫ