Ойыншылардың жылдам қимылдары мен жанкүйерлердің ынталы айқайы, эмоциялар мен позитив мұның бәрі өткен бейсенбіде "Ұлытау" және "Түркістан"футбол клубтары арасында өткен ойында сезілді. 23-ші минутта Жасұлан Молдақараев есеп ашып, 1 ші тайм 1:0 есебімен ұлытаулықтардың пайдасына аяқталды. Бұдан әрі" Ұлытауда " ұпай санын көбейтуге бірнеше мүмкіндік болды, бірақ қарсылас команданың қақпашысы барлық соққыларға сенімді түрде тойтарыс бере алды.
Иван Азовский, "ULYTAU" футбол командасының бас жаттықтырушысы
Шынында да, ойын айтарлықтай қиын болды. Өйткені бір қадам алға шыққанда, босаңсуға жол беріп, көп жағдайда қарсы голдар өткізіп алып жатады..Содан кейін жеңіске жету үшін күш-жігермен ойынға қайта оралу керек, бұл өте қиын.
Қуандық НҰРСҰЛТАНОВ "ULYTAU" футбол командасының мүшесі
Ойын қиын болды. Мақсаттарымыз бұйырса соңына дейін барлық ойында финал ретіндеойнаймыз. Бұйырса жеңіске жетуге тырысамыз. Жанкүйерлерге рақмет көп, келіп жатқан.
Екінші таймның басында қарымта шабуылда 1 доп жіберіп алған «Ұлытау» артынша жанкүйерлер қолдауымен есепте қайтадан басымдыққа ие бола алды. Екінші таймға қосылған үшінші минутта Жасұлан Молдақарев дубль жасап, 2:1 есебімен жеңіске жетті.
АЛМА СӘЛІМЖАНҚЫЗЫ, ДУМАН ОРАЗОВ
«ҰЛЫТАУ» ТЕЛЕАРНАСЫ