ЖЕЗҚАЗҒАН ҚАЛАСЫ

Кәсіпкерлер палатасы жолдауды қолдайды

Бөлісу:

Ақша-несие саясаты мен фискалды саясаттың арасындағы үйлесімсіздікті жою қажет деді мемлекет басшысы. Қазір нақты секторға несие әлі де ойдағыдай берілмей жатқанын ашық айтуымыз керек. Шағын және орта бизнесті жеткілікті қаржыландыру мәселесі де шешімін тапқан жоқ. Бұл жағдай еліміздегі іскерлік ортаның белсенділігіне, экономиканың тұрақтылығына және дәйекті дамуына кедергі келтіріп отыр.Президент Бізге Банктер туралы жаңа заң қажет екені айтты.

Гүлмира ҚАЖЕНОВА Ұлытау облыстық кәсіпкерлер палатасының төрағасы

Президент бұл жолдауда бизнесті дамытуға ерекше мән бергені ұнады. Банк туралы жаңа заң қажет деген тұсы тіпті ерекше. Себебі, бизнесті өркендетіп дамыту үшін банктерге жүгінуге тура келеді.

Бұдан бөлек ел Президенті экономиканы қарқынды дамыту үшін  тек мемлекет қаржысына сүйену жеткіліксіз екенін айтты. Жеке инвестициялар тарту арқылы іскерлік белсенділіктің артуына қолайлы жағдай жасаған жөн. Ол үшін, ең алдымен, салық саясаты тұрақты болуға тиіс. Сонда бизнес те сапалы дамуға ынталы болады және жауапкершілікпен жұмыс істейді.Сондай-ақ Президент: Жаңа салық кодексін бәріне бірдей түсінікті ету өте маңызды екен атап өтті. Бұл ретте Мемлекет басшысы салық саясатын фискалды ахуалға бейімдеп, салық мөлшерлемесін де қайта қарауды тапсырды.

Гүлмира ҚАЖЕНОВА Ұлытау облыстық кәсіпкерлер палатасының төрағасы

Преиздент жаңа салық кодексін сапалы әзірлеуді тапсырды. Бұл да бизнеске керек дүние. Салық кодексі,қазіргі заман талабына сай болуы керек.Бұл да бизнесті дамытуға өз септігін береді. 

2029 жылға қарай орта бизнестің ел экономикасындағы үлесі 15 пайызға жетуі керек. Бұл – Үкіметтің алдында тұрған маңызды міндет. Қазір бұл көрсеткіш – 7 пайыз шамасында. 

Гүлмира ҚАЖЕНОВА Ұлытау облыстық кәсіпкерлер палатасының төрағасы

Әр кәсіпкер қолдаудың қандай түрі бар екенін және оған қалай қол жеткізе алатынын еш қиындықсыз біліп отыруы қажет. Бізде қазір қолдау шараларының 100-ден астам түрі бар. Бұдан білікті маманның өзі шатасуы мүмкін. Сондықтан мемлекеттік қолдау шараларының қаншалықты тиімді екенін мұқият тексеріп шығу керек. Ұсынылатын жеңілдіктердің бизнес өкілдеріне түсінікті бірыңғай тізімін әзірлеу қажет деді. Бұл да бизнес үшін тиімді болмақ. Жалпы,жолдау дайтылған бағыттардың барлығы қазіргі уақытта керек шаралар. 

ҚАСЫМ ЖОМАРТ ТОҚАЕВ «Атамекен» Кәсіпкерлер палатасының жұмысын ерекше атап өтіп, кәсіпкерлікті одан әрі дамытуды қолдау, құқықтық қолдау көрсету, инвестициялық жобаларды қолдау бойынша жұмысты жалғастыруды тапсырды. 

ГҮЛІМ МАРАТҚЫЗЫ СЕРЕГЙ МАЙКОВИЧ «ҰЛЫТАУ»ТЕЛЕАРНАСЫ

Күнтізбе

«    Октябрь 2024    »
ПнВтСрЧтПтСбВс
 123456
78910111213
14151617181920
21222324252627
28293031 
Біздің ақпараттық бюллетеньге жазылыңыз!
Біз спам жасамаймыз
Парақшаның жұмысын бағалаңыз)

Тегтер бұлты