Бүгін — Қазақстан халқы тілдері күні мерекесі.Қазақ халқының тағдыры мен тілі үшін күрескен Алаш арысы, ұлт ұстазы Ахмет Байтұрсынұлының туған күнімен байланысты бұл күн. Жалпы бөбекжайы 1963 жылы ашылған. Бөбекжайда қазіргі таңда 120 бүлдіршін бар. Сондай-ақ 18 маман қызмет етуде. Мектепке дейінгі тәрбие мен оқыту бойынша үздік ұйым бүгінде көптеген жетістіктерге де жеткен. Іс-шара барысында балабақша директоры Елена Кардаш Қазақстан халқы тілдер күні мерекесімен құттықтап, ізгі ниетін білдірді.
Елена КАРДАШ «Ханшайым» бөбекжайы директоры
Құрметті қазақстандықтар, Қазақстан халқының тілдері күнімен шын жүректен құттықтаймын. Бұл 100-ден астам этностың өкілдері бейбітшілік пен келісімде өмір сүретін еліміз үшін ең айтулы мерекенің бірі. Тіл-адамды адамға, халықты халыққа жақындастыратын ерекше құрал, сондықтан біз оны достық құралы, мемлекетіміздің бірлігінің негізі ретінде жоғары бағалауымыз керек.
«Ханшайым» балабақшасының кішкентай бүлдіршіндері тіл, Қазақстан, бейбітшілік, достық туралы өлең оқып, ән айтып, би биледі. Сондай-ақ, мерекелік концертті тамашалаған Ұлытау облысы ақсақалдар және аналар кеңестерінің мүшелері бүлдіршіндерге ақ баталарын берді.
Сағындық ҚОЖАМСЕЙІТОВ Ұлытау облысы ақсақалдар кеңесінің төрағасы
Жаңа ғана осы бөбекжайдың балаларының тілді қалай біледі соған куә болдық. Мұның өзі барлық ұлттар мен ұлыстардың елде тұратын қазақ тіліне деген ынтасы артып келе жатқанын көрсетеді. Бұл елдің бірлігі мен тұтастығының алғы шарты болып табылады. Бірақ менің өзім байқағаным қазіргі жастар, басқа ұлттың өкілдері қазақ тілін, мемлекеттік тілді игеріп жатыр.
Білікті мамандардың арқасында жас балғындар жан-жақты ашылып, іс-шара ұлттық мәдениет, ата-баба салт- дәстүрін сақтауға және дамытуға деген ұмтылыс пен ана тілін үйренудегі ұлттық сана-сезімнің айқындығын көрсетті.
АЛМА СӘЛІМЖАНҚЫЗЫ, СЕРГЕЙ МАЙКОВИЧ
«ҰЛЫТАУ» ТЕЛЕАРНАСЫ
Пікірлер орны
Күнтізбе
« Октябрь 2024 » | ||||||
---|---|---|---|---|---|---|
Пн | Вт | Ср | Чт | Пт | Сб | Вс |
1 | 2 | 3 | 4 | 5 | 6 | |
7 | 8 | 9 | 10 | 11 | 12 | 13 |
14 | 15 | 16 | 17 | 18 | 19 | 20 |
21 | 22 | 23 | 24 | 25 | 26 | 27 |
28 | 29 | 30 | 31 |