Кеңеске облыс әкімінің орынбасары Жәнібек Нөпіров, Ауыл шаруашылығы және жер қатынастары басқармасының, Жер ресурстарын басқару департаментінің өкілдері, қалалар мен аудандар әкімінің орынбасарлары, Жер қатынастары бөлімдерінің қызметкерлері қатысты. Қарағанды облысынан Ұлытау облысы өз еншісін алғаннан кейін 18 млн гектар жер қайтарылды. Соның 16,9 млн гектар жері ауыл шаруашлығына тиесілі. Жайылымға бөлінген 5, 948 млн гектар жердің 30 пайызы ғана игерілген.
Отырыс барысында жер учаскелерін бөлудің ашық тетіктерін әзірлеу, сондай-ақ жерді пайдалануды есепке алу және бақылау үшін заманауи технологияларды енгізу қажеттілігі жөнінде ұсыныстар айтылды.
Кеңес соңында уәкілетті органдарға бизнес-жобасы іске асырылмаған жер учаскелеріне толық тексеру жүргізу және жерді мемлекетке қайтару туралы мәселені шешу тапсырылды.
ГҮЛІМ МАРАТҚЫЗЫ МЕЙІРЖАН МЕЙРАМҰЛЫ «ҰЛЫТАУ»ТЕЛЕАРНАСЫ