2 күннен бері көлік жүргізушілері «сен іздедімнің» күйін кешіп жүр.Іздегендері бензин. Кезекте сағаттап тұрған көлік жүргізушілеріне жанармай тек 20 литрден ғана берілуде. Кейбір бекеттер тіпті толан арқылы ғана беріп жатыр. Себебі,қалаға бензин жеткізуден қиындық туындаған. Жұрттың жынына тиетіні сол мұнайлы елде бензиннің тапшы болатыны. Әкімдіктегі жауапты мамандар «бұл уақытша қиындық. Көп ұзамай мәселе шешіледі» дейді.Жалпы облыста 28 жанар-жағармай бекеті бар. Тұрғындар, бензинді қымбаттатудың тағы бір тәсілі деп түсінді мұны. Дегенмен Ұлытау облысының кәсіпкерлік және өнеркәсіп басқармасының басшысы оның шындыққа жанаспайтынын айтты.
Ғазиз ТӨЛЕУОВ Ұлытау облысының кәсіпкерлік және өнеркәсіп басқармасының басшысы
Түнде 2 вагон келіп жеткізілді. Ол гелиос бекетіне қазір жеткізілуде. Енді сонымен қатар 23-24іне дейін 16 вагон жеткізіледі.Бүгінгі күні олар тиелген. 23 қазанда толығымен шектеулер алынып тасталынады. Шындыққа жанаспайды. Бензиннің бағасы тұрақты.
ГҮЛІМ МАРАТҚЫЗЫ, ДУМАН ОРАЗОВ «ҰЛЫТАУ»ТЕЛЕАРНАСЫ