Жезді Кентінің тұрғындары көтерген мәселенің алғашқысы кенттегі қос көпірдің жайы. Сонымен, аудандық бюджеттен Көкбұлақ көшесіндегі көпірді қалпына келтіруге тамыз айында 13 млн теңге қаражат бөлінген. Қазір мемлекеттік сатып алу процестері жүріп жатқан көрінеді. Көпірді 30 қарашаға дейін қалпына келтіру керек еді. Алайда...
Мұратбек ЖҰМАБЕК Жезді кентінің әкімі
Бүгінге дейін мемлекеттік сатып алу шарты жасалмай тұр және де осының негізінде жұмысты қабылдау мерзімі 10 желтоқсанға дейін созылатын болады. Біз оған қосымша адамның қауіпсіздігін ойлау мақсатында өзеннің арнасынан өтіп жатқан автокөлік жолын адам өтуге ыңғайластырамыз. Себебі мемлекеттік сатып алу процестері ұзаққа созылып кетті.
Тұрғындар базынасын айтқаннан кейін ғана автокөлік жолын ыңғайластыратын болды. Ал, Үнді көпірі аталып кеткен аспалы көпірдің жағдайы мынадай. Ол көпірді қалпына келтіру күн тәртібінде тұрған жоқ деді әкім. Себебі, өзеннің арнасында тазалау жұмыстары аяқталмапты. Көпір басқа орынға ауысуы бек мүмкін. Бірақ ол тек келесі жылдың еншісінде.
Мұратбек ЖҰМАБЕК Жезді кентінің әкімі
Себебі қазіргі күні жұмыс аяқталған жоқ. Бізде ауыз су құбыры бар әлі. Аса бір қауіпті учаскелердің бірі. Осы бір жұмыстарды аяқтағаннан кейін ғана барып аспалы көпірдің мәселесіне көшеміз.
Жезділіктердің тағы бір өзекті мәселесі- мектеп оқушыларын тасымалдау еді. Оқу жылы басталғанда берліген су жаңа автобус 2 күннің бірінде жүрмей қалған. Оның себебі жанар-жағармайдың қарастырылмағаны болып шықты. Облыстық білім басқармасы мен аудандық білім бөлімі арқылы бұл мәселе де шешілген сыңайлы.Кент әкімі ретке келтірдік деді.
Мұратбек ЖҰМАБЕК Жезді кентінің әкімі
Ретке келтірдік, қазір қалыпты жұмыс істеп тұр.Анау күні ғана 3-4 күнге тоқтап қалды.
Көше жарығына келер болсақ. Жарықпен қамтамасыз етілген. Тек жөндеуді талап етіп тұр. Қазан айының сессиясында жарығы жоқ жерлерге қаржы қарастырылмақ. Мұратбек Жұмабек бір емес кентте 2 электрик бар деді. Дегенмен, тоқпен қамтамасыз ететін аудандық «Тасбұлақ» мекемесінің жүйесіз жұмысы болып тұр бұл жерде..Мекемнің жұмысын облыстық деңгейде қарастыру керек екенін тағы айтты.Банкомат жайы: 2011 жылы «Халық банкке» тиімсіз болған соң кенттегі филилын жапқан. Содан бері тұрғындар зейнетақы мен айлық алу үшін қалаға сабылады. 2 –ші деңгейлі банктерге ұсыныс хат жолдап келеміз. Әлі шешімі жоқ деп жауап қатты. Жалпы ауылда 3000ға жуық тұрғын бар. Сол тұрғындардың талап-тілегі орынды екенін жасырмады әкім.Жезділіктердің мәселесі жақын арада шешіледі деген үміттеміз. Ең бастысы, сөзіміз биліктің құлағына жетті. Енді назарымызда ұстаймыз.
ГҮЛІМ МАРАТҚЫЗЫ МЕЙІРЖАН МЕЙРАМҰЛЫ «ҰЛЫТАУ»ТЕЛЕАРНАСЫ
Пікірлер орны
Күнтізбе
« Ноябрь 2024 » | ||||||
---|---|---|---|---|---|---|
Пн | Вт | Ср | Чт | Пт | Сб | Вс |
1 | 2 | 3 | ||||
4 | 5 | 6 | 7 | 8 | 9 | 10 |
11 | 12 | 13 | 14 | 15 | 16 | 17 |
18 | 19 | 20 | 21 | 22 | 23 | 24 |
25 | 26 | 27 | 28 | 29 | 30 |