«Мирас» жастар тобы ардагерлер кеңесінің жанынан құрылғаны бекер емес.Себебі, өскелең ұрпақтың талапты, тәрбиелі, білімді болып қалыптасуына аға буын жауапкер.Ел келешегіне жастардың қосар үлес салмағы басым. Сондықтан аталмыш басқосуды «жастар форумы», - деп, атаудың да өзіндік мәні бар.
Бақытжан ЖАЙЛАУБАЕВ Жезқазған қаласы әкімінің орынбасары
Жас ұрпақтың міндеті осы бай мұраны сақтап, болашаққа жеткізу. Біз жастардың бойында жауапкершілік птариотизм мен белсенді азаматтық ұстаным қалыптастыруға тырысамыз. Мирас жастар тобының қызметі осындай игі істерге арналған. Ардагерлмен тығыз жұмыс жасайды деген сенімдеміз.
Ұлтын ойлаған ұрпағын түзейді. Егемен ел жастары болашақты өз қолымен жасайтын нағыз патриот болуы қажет.Сондықтан, жастарға үлгі-өнеге көрсетіп, жөн сілтеу маңызды деп санайды ақсақалдар.
Мұрат ҚАЗАМБАЕВ Жезқазған қалалық ардагерлер кеңесінің төрағасы
Тарих сахнасында жойылып кеткен халық көп. Біз қазақ халқы жас халықтардың біріміз. Біздің респбулика жаңа құрылған мемлекет. Біздің болашағымыз, біздің өзімізге біздің ұрпаққа керек. Қазақтың егемендігі ұлт болып қалыптасып әрі қарай тарих сахнасында жүруі ол басқаға керек емес дүние.
«Мирас» тобына қоғам белсендісі, ұстаз Ақжарқын Токишова жеткешілік ететін болады. Топтағы 14-16 жастағы оқушылар жастар үшін өзекті мәселелерді талқылайды, ғылыми жобаларды қорғайды, дарынды жастарды анықтайды.
ГҮЛІМ МАРАТҚЫЗЫ ДУМАН ОРАЗОВ «ҰЛЫТАУ»ТЕЛЕАРНАСЫ