Ұлытау облыстық полиция департаменті мен жергілікті білім бөлімінің бірлесе қолға алуымен ашылған полиция сыныбына - полиция генерал-майоры Мұрат Құрмановтың есімі берілді. Сыныптың салтанатты ашылуымен полиция департаментінің бастығы Қайыркен Әлиев пен қала әкімі Қайрат Шайжанов құттықтады.
Кадет сыныбына қазірдің өзінді 7-сыныпта оқитын 25 бала қабылданды. Оларға полиция формасы үлгісімен арнайы киім тігілген. Жас сарбаздар - өз міндеттерін адал атқаруға ант қабылдап, алғыс хаттарымен марапатталды.
№3 жалпы білім беретін мектебінде ашылған бұл полиция сыныбы – облыс мектептеріндегі алғашқы сынып. Болашақта өзге мектептерде де ашу жоспарлануда.
Мұқағали Сейтқазы, Думан Оразов, «Ұлытау»