Тұрғындар тазалық шарасына бір кісідей жұмыла атсалысып келеді. Бүгін олар саябақтар мен гүлзарлардың, көшелер мен аулалардың, кәсіпорындар аумағындағы қоқысты жинады.
Бақытжан ЖАЙЛАУБАЕВ Жезқазған қаласы әкімінің орынбасары
Бүгін міне Деева көшесі мен Алашахан даңғылына дейін әлеуметтік сала мамандары тазартуда. Қала тұрғындарын сенбілікке атсалысуыға шақырамыз.
Басты мақсат – қоршаған ортаны сақтап, экологиялық мәдениетті қалыптастыру. Экологиялық мәдениет дейміз ғой, сол мәдениетті қалыптасыра алмай келеміз. Себебі, қоқыс жәшігінің жанында тұрғанымен, әлгі қоқысты сол жәшікке салуға келгенде селқостық танытамыз. Мұны арнамыздың түсіру тобымен жүргенде ойын алаңдарының көрінісінен байқадық.Ел Президенті «Таза Қазақстан» акциясы игі бастама, жалғасын табуы керек деді. Демек түсінген адамға бұл – шарапаты мол, қаланың тазалығы мен қоғамды дамыту жолындағы игілікті іс.
Абылай ЕСЕН Жезқазған қалалық ТҮКШ бөлімі басшысының орынбасары
Сондай-ақ бұл күні мектеп ұстаздары мен оқушылары сенбілікке белсенді атсалысты. Өз аумақтарын тап-тұйнақтай қалып тазалап шықты.
Анастасия ВАГАЙЦЕВА №22 ЖББМ оқушысы
Біз мұндай акцияларға белсенді қатысып тұрамыз. Мектебіміздің ауласы таза болғаны жақсы емес пе? Өзіміздің оқу орнымызды таза ұстау біздің парыз деп ойлаймын.
Тазалыққа 15 арнайы техника жұмылдырылды. 100 тонна қоқыс сыртқа шығарылды.
ГҮЛІМ МАРАТҚЫЗЫ, МЕЙІРЖАН МЕЙРАМҰЛЫ «ҰЛЫТАУ»ТЕЛЕАРНАСЫ