Облыс мәслихатының кезекті сессиясын оның төрағасы Бауыржан Шыңғысов ашып жүргізді. Оған 16 дептутат қатысты, 5-еуі бейнекоференция арқылы қосылды. Сессиясының күн тәртібі бекітілгеннен кейін, есеп комиссиясы сайланды. Бұған дейін басқа қызметке ауысқан облыстық мәслихаттың 2 депутатының орнына «AMANAT» ПАРТИЯСЫ» қоғамдық бірлестігінің Ұлытау облыстық филиалының 2 кандидаты, яғни Сәкен Досхан мен Виктория Ставицкая Ұлытау облыстық мәслихатының құрамына енді. Күн тәртібіндегі 5-ші мәселе бойынша Ұлытау облысының жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасы басшысының 2024 жылғы атқарылған жұмыс туралы есебі тыңдалды. 2023 жылы Ұлытау облысы бойынша барлығы 157,1 шақырым автомобиль жолдарын жөндеуге 12,8 млрд. теңге бөлінген.
Жомарт БЕГАЕВ Ұлытау облысының жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасының басшысы
Ұлттық қордан - 3,5 млрд теңге, ТОХ - облыстық маңызы бар 36 шақырым жолды орташа жөндеуге2,4 млрд. теңге, Ауыл-Ел бесігі-1,1 млрд. теңге, 45 шқ автомобиль жолдарын жөндеуге бөлінді.
Бөлінген қаражатқа облыстағы жолдарға ағымдағы және күрделі жөндеу жұмыстары жүргізіліп жатыр. Облыстық мәслихат төрағасы Бауыржан Шыңғсыов жолдардың сапалы жаслауына аса мән беру қажет деді. Сондай-ақ сессияда Ұлытау облысының құрметті азаматы атағын беру туарлы шешім шығарылды. Шешімге сәйкес ерекше еңбегі мен Ұлытау облысының өсіп өркендеуіне қосқан үлестері үшін Әлихан Байменов, Ғалым Жайлыбай,Мұхамеджан Тлеуханов, Тұрсынбек Макишев, Сұлтан Сүтбаевқа «Ұлытау облысының құрметті азаматы» атағы беріледі. Жалпы, күн тәртібіне шығарылған мәселердің барлығы қаралып, тиісті шешімдер қабылданды.
ГҮЛІМ МАРАТҚЫЗЫ,СЕРГЕЙ МАЙКОВИЧ «ҰЛЫТАУ»ТЕЛЕАРНАСЫ