ЖЕЗҚАЗҒАН ҚАЛАСЫ

ӘЛЕУМЕТТІК ҚЫЗМЕТКЕРЛЕР КҮНІ

Бөлісу:

Есіл еңбегі ескеріле бермейтін, десе де ертеден кешке дейін бел жазбай жұмыс істейтін әлеуметтік қызметкер дейтін жүгі ауыр мамандық бар. Олар үшін өзгенің проблемасы деген түсінік жоқ, мұқтаж жанға қол ұшын созып, көп саралап жатпай қолынан келген көмегін көрсетеді. Осындай мейірімді мамандық иелерін қала әкімінің орынбасары Бақытжан Жайлаубаев құттықтады. 

Бұл күні әлеуметтік қорғау саласының қызметкерлері Жезқазған қаласы әкімдігінің құрмет грамотасымен,алғыс хаттарымен марапатталды. Сондай-ақ шаһар басшысының арнайы сыйақасы берілді. Марапат алғанның қатарында Жезқазған қалалық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің бөлімше меңгерушісі Зайра Қабашева бар. 


 Күнделікті тіршіліктің ағынымен жүргенде дені сау кейбір адамдар мұндай қызметтердің барын да білмейді. Әлеуметтік қызметкерлердің жұмысы көзге көрінбейді. Жұмыс ережелері де өзгешелеу. Бүгінде Жезқазғанда 85-ке жуық адам осы салада жұмыс атқарады. 

 

ГҮЛІМ МАРАТҚЫЗЫ СЕРГЕЙ МАЙКОВИЧ «ҰЛЫТАУ»ТЕЛЕАРНАСЫ


Күнтізбе

«    Декабрь 2024    »
ПнВтСрЧтПтСбВс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031 
Біздің ақпараттық бюллетеньге жазылыңыз!
Біз спам жасамаймыз
Парақшаның жұмысын бағалаңыз)

Тегтер бұлты