Қ.Сәтбаев атындағы Республикалық олимпиада әдеттегідей Қаныш есімін иеленген №7 лицейде өтті. Қазылар алқасына жетекшілік жасаған Әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық университетінің профессоры, педагогика ғылымдарының докторы Құрманғали Бекішев жылдан жылға оқуышлардың химияға деген қызығушлығы артып келе жатыр дейді.
Олимпиада бағдарламасы бес күн және жас химиктердің ең мықтысын анықтау мақсатында теориялық және практикалық турларды қамтыды. Мақсаты – дарынды балаларды анықтау және қолдау, теориялық білімдері мен практикалық дағдыларын тереңдету еді. Мақсат орындалды.
Серік ӘБЕНОВ «The Ulytau Educational Foundation» ҚҚ директорының бірінші орынбасары
Аударма:
Білім бәйгесінде мықтылырады анықтау қазылар үшін оңайға соқпағаны анық. Олимпиада қорытындысы бойынша жеңімпаздар мен жүлдегерлер Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігінің I, II және III дәрежелі дипломдарына және бағалы сыйлықтарға ие болды. Ал, Қазақмыс корпорациясы гран-при алған жас химикті марапаттады. Ең жоғары нәтиже көрсеткен командаға сертификат және арнайы кубок табыс етілді. Сондай-ақ, үздіктердің үздігі Сәтбаев атындағы Қазақ ұлттық техникалық университеті мен Павлодар мемлекеттік университетінде оқуға гранттарға ие болды.
Ярослава КРАВЧУК олимпиада жеңімпазы
Аударма:
Санжар ЖАҚЫПОВ I дәрежелі диплом иегері
Мен Ақтау қаласынан келіп қатыстым бұл додаға. Өте қызық болды. Бірінші кезеңде тапсырмалар қиын болды, бірақ біз барымызды салдық.Осындай олимпиадалар Қазақстанда көптеп ұйымдастырылып тұрса деймін.
Олимпиадаға қатысумен қатар, оқушылар Қазақстан ғылымы мен мәдениеті мұрасынан сусындап, көрнекті ғалымдар мен инженерлердің жұмысымен танысты.
ГҮЛІМ МАРАТҚЫЗЫ, СЕРГЕЙ МАЙКОВИЧ «ҰЛЫТАУ»ТЕЛЕАРНАСЫ