ЖЕЗҚАЗҒАН ҚАЛАСЫ / ҰЛЫТАУ ОБЛЫСЫ

ҚОҒАМДЫҚ КӨЛІКТЕР КЕСТЕГЕ САЙ ЖҮРМЕЙДІ

Бөлісу:

Бұған қоғамдық көлік қызметкерлері кінәлі ме? Тарқатып көрейік. Қалаға таңғы сағат 07.00 ден кешкі сағат 20.30 аралығында «Ulytau Bus»ЖШС-ің  35 автобусы 11 бағыт бойынша қызмет көрсетеді. Әлгі 35 автобустың 10 –ы биыл жаңадан алынған. Ал 25-і 2021 жылы әкелінген. Әр маршруттың тиісті кестесі бекітілген. Яғни 7 минуттан жарты сағатқа дейін күтесіз. Ал, кестеден кешігуінің себебі мынада жатыр екен..

 Жандос ТУЛЕШОВ «Ulytau Bus»ЖШС бас директоры 

Аударма: 

Көлік жүргізушілерінің кестесі былай: 2 күн демалады және екі күн жұмыс істейді.Автобустардың кестеден кешігуінің себебі көліктерде техникалық ақаулардың орын алуы.Қазіргі таңда қоғамдық көліктердің барлығы жүріп тұр. 

Жезқазған облыс орталығы болғандықтан, тұрғындар саны да арта түсуде. Сондықтан облыс және қала әкімдігінің қолдауымен «Ulytau Bus»ЖШС бас директоры 2025 жылдың 1 тоқсанында тағы 15 автобус келетінін айтты. Ал кестеден кешігіп жүрген автобустардың мән-жайын қалалық әкімдік те біледі, заң аясында шара қолданамыз деді. 

Берік ӘБЕН Жезқазған қаласы әкімінің орынбасары 

Алайда тұрғындар тарапынан шағымдар келіп түсуде.Сол шағымдарға байланысты ЖШС-не заңнама аясында шаралар қолданатын боламыз. 

Айта кету керек, «Мажитова» ЖШС 2 бағыт бойынша саяжайларға тұрғындарды тасымалдайды. Тағы бір мәселе, көлік иелері көліктерін аялдамаға,яғни белгіленбеген жерге қоюында. Соынсымен қоғамдық көліктерге кедергі келтіреді. Бұл бойынша қалалық әкімдікпен бірлесіп полиция басқарммасы рейдтік іс-шараларды жүргізіп жатыр. Бүгіннің өзінде 4 жүргізуші айыппұл арқалаған. 

 

Азамат БЕКЕТОВ Жезқазған қалалық ПБ патрульдік полиция ротасының аға қызмет инспекторы

Аударма:

Кейбір көлік жүргізушілері көліктерін аялдамаға қойып кетіп жатады. Бұл жол апатына әкеліп соғады. ҚР әкімшілік құқық бұзушылық туралы заңының 597 бабының 1 тармағына сәйкес яғни, көлiк құралдары тоқтап тұру қағидаларын бұзу бойынша бес айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады. Сондай-ақ, ауа температурасының төмендеуіне байланысты қоғамдық көлік аялдамаға келіп тоқтағаннан кейін ғана автобусқа мінулеріңізді сұраймыз. Сақтық шараларын сақтап жүріңіздер.


Мойындау керек, қоғамдық көліктердің қазір сапасы жақсарды. Тек, қоғамдық көліктегі мәдиентті сақтай       бермейтініміз өкінішті.  Келер жылы тағы автопарк жаңа автобустармен толықса,  бұл да түзелер. 

ГҮЛІМ МАРАТҚЫЗЫ ДУМАН ОРАЗОВ «ҰЛЫТАУ»ТЕЛЕАРНАСЫ
 

 

Күнтізбе

«    Ноябрь 2024    »
ПнВтСрЧтПтСбВс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930 
Біздің ақпараттық бюллетеньге жазылыңыз!
Біз спам жасамаймыз
Парақшаның жұмысын бағалаңыз)

Тегтер бұлты