Үйдегі тоққа қосылған техниканың барлығы күйіп кететін болды деп дабыл қағуда. Тұрғындар осы ауданға көшкелі электр энергиясынан қиындық көріп отыр. Жарық жиі өшеді.Жарық сөнсе су да тоқтайды. Мұнда 200-ге жуық пәтер бар.
Гүлден ДИХАНБАЕВА қала тұрғыны
Бізде жарық жиі сөнеді. Жан-жағымыз стройка. Сол үшін жиі сөніп жатыр. Тоңызтқыш морозильник бәрі жанып кетіп жатыр. Етіміз бұзылып кетеді.
Шағын ауданда қазір тағы жаңадан үйлер салынып жатыр. Мәселе сонда.Құрылыс жүріп жатқан уақытта электр сымдарына зақым келеді. Жарық сол себепті болмайды. Жергілікті әкімдік тұрғындарды түсіністік танытуға шақырды.
Берік ӘБЕН Жезқазған қаласы әкімінің орынбасары
Бұл Жезқазған қаласындағы жаңа құрылыс аумағы.Құрылыс аумағы жаңадан болғандықтан көптеген жер қазу жұмыстары, құрлысықай сай нормативтік жұмыстар жүргізіледі. Сол жұмыстарыды жүргізу барысында жоспарлы түрде тоқ сөндіру болып тұрады. Және осындай бір апатты жағдайларда тоқ сөнеді. Сол кезде ғана шара қолданылады. Негізінен бәрі жоспарлы түрде уақыты белгіленіп, 2сағат пен 4 сағат уақыт аралығында тоқ сөну болып тұрады.
Иә, қала құрылысы қарқынды жүріп, халық саны өскен сайын инфрақұрылым мәселесін де шешу керек. Көпқабатты үйлердің жоғарғы қабатына су да жетпей жатыр. Қала әкімінің орынбасары Берік ӘБЕН әзірге су тарту үшін уақытша күшейткіштер қойылған дейді.
Берік ӘБЕН Жезқазған қаласы әкімінің орынбасары
Ал, енді бұл ауданға жаңадан жылу су беру кәріз жүйелері тартылып жатыр.Олардың барлығы осында салынатын үйлердің барлығының көлеміне, мөлшеріне есептеліп жасалған дүние. Солардың барлығы іске қосылғанда бұл ауданға су тұрақты беру қалпына келтіріледі.
Жол мәселесі тағы бар. Жауын-шашын күндері ми батпаққа айналып, балалардың сабаққа баруы қиындай түседі дейді тұрғындар. Аялдама мен жаяу жүргіншілер жолағы да жоқ.
Гүлден ДИХАНБАЕВА қала тұрғыны
Машина өтетін жол керек. Пешеход керек. Балаларға қиын әсіресе, аялдама салу керек.
Аялдама толық құрылыс жұмыстары аяқталған соң ғана ретке келтірілмек. Сондай-ақ, кәріз жүйесі жолға қойылмаған деп отыр тұрғындар. Көшедегі шамдардың да мәселесін қаузады.Уақытша болса да шамдар орнатуды сұрайды. Жергілікті билік жаңадан бой көтеріп жатқан аудан, бірте-бірте қалыпқа келеді деген жауап қатты.
ГҮЛІМ МАРАТҚЫЗЫ ДУМАН ОРАЗОВ «ҰЛЫТАУ»ТЕЛЕАРНАСЫ
Пікірлер орны
Күнтізбе
« Декабрь 2024 » | ||||||
---|---|---|---|---|---|---|
Пн | Вт | Ср | Чт | Пт | Сб | Вс |
1 | ||||||
2 | 3 | 4 | 5 | 6 | 7 | 8 |
9 | 10 | 11 | 12 | 13 | 14 | 15 |
16 | 17 | 18 | 19 | 20 | 21 | 22 |
23 | 24 | 25 | 26 | 27 | 28 | 29 |
30 | 31 |