Ауқымды шараға Ұлытау облысынан және Қарағанды, Теміртау,Балқаш қалаларынан 250-ден астам кәсіпкер жиналды. Оған 20 кәсіпкер демеушілік жасады.Ал, форумның бас демеушілері «Жетісу» құрылыс компаниясы мен Хоум Кредит Банкі. Форум мінберінде кәсіпкер Азамат ЕСОВ, бизнес тренер "Fitness Body Club "фитнес клубының директоры Гүлнара Загирова сөз сөйлеп, тәжірибелерімен бөлісті.
Гүлнара ЗАГИРОВА «ULYTAU - 2024» бизнес-форумын ұйымдастырушы
Форумға кәсіпкерлерді жинап отырмыз. Біздің мақсат кәсіпкерлердің басын қосып, өңірдің экономикасын жаңа деңгейге шығару.Сол үшін де кәсіпкерлердің өзідері демеушілік жасады. Бұл біздің өткізіп отырған ауқымды алғашқы форум.
Сондай-ақ шараға облыстық мәслихат депутаты,Ұлытау облысының іскер әйелдер кеңесінің төрағасы Гүлмира Қаженова, Марал Жараспаева және Азамат Кожахметов сынды кәсіпкерлер арнайы шақырылған. Олар кәсіпкерлерге кеңес берді, бизнесті тиімді ұйымдастыра білу ғана табысқа жеткізетінін тілге тиек етті. Сондай-ақ бұл күні қазақстандық журналист, тележүргізуші, кәсіпкер Динара Сатжан келу керек еді. Ауа райының қолайсыздығына байланысты ұшақтың ұшу уақыты кешіктірілді, одан кейін тотқатылды.Оған қарамастан облыс кәсіпкерлері практикалық тәжірибе мен көптеген пайдалы ақпарат алды.
ГҮЛІМ МАРАТҚЫЗЫ ДУМАН ОРАЗОВ «ҰЛЫТАУ»ТЕЛЕАРНАСЫ