Айжан Наурызбаева – Жезқазған қаласындағы №8 гимназияның кешегі түлегі, бүгінгі мұғалімі. Директордың оқу ісі жөніндегі орынбасары. Өзі қанат қаққан алтын ұяда еңбек етіп жүрген, ол, – педагогика саласын бала кезінде-ақ таңдап қойған. Оған бастауыш сыныптағы ұстаздары себеп болған.
Жоғары білімді елордадағы Л.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінде тәмәмдаған Айжан – математика деген күрделі пәннен сабақ береді. Оқу ағарту саласындағы тың реформаларды тиімді пайдалана білетін ұстаздың – оқушыларға сабақ беру бойынша өзіндік тәсілдері бар.
«Математика ғылымындағы түрлі теңдеулерді шешу арқылы оқушы ойлау қабілетін дамытып қана қоймай, сана дамуына да мол әсерін тигізеді дейді – жас ұстаз! Бұл ретте Айжан Наурызбаеваның біліктілігін әріптестері де жоғары бағалайды.
Айта кетейік, Айжан Наурызбаева жыл қортындысы бойынша Жезқазған қаласы әкімінің жастар сыйлығының «Жылдың жас педагогі» аталымының иегері атанған. Жас маман – Жаңа Қазақстанның іргетасын адал еңбекпен қалаймыз деген ұстанымда!
Мұқағали Сейтқазы, Сергей Майкович, «Ұлытау»