ЖЕЗҚАЗҒАН ҚАЛАСЫ

Тұмауға қарсы мезгілдік егу жұмыстары аяқталды

Бөлісу:

Ұлытау облысында тұмауға қарсы екпе жұмыстары қыркүйек айының ортасында басталды. Вакцинация шараларының алдын ала белгіленген жоспарға сай еш кедергісіз жүргізілуіне байланыста қазір өңірде бұл аурумен ауырушылар қатары едәуір азайған...

 

Елена Ткаченко, Ұлытау облыстық санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаменті басшысының орынбасары

Елімізде – халықты жаппай иммундай жүйесі жүйелі жолға қойылған. Тұрғындарды түрлі вирустық инфекциялар қарсы егу жұмыстары арқылы аталған ауру түрлерін ауыздықтай алудамыз. Бүгінгі таңда тұмауға қарсы екпе аяқталды. Өңір халқының 16 пайыздан астамы, яғни 37 мыңға жуық адам тұмауға қарсы екпе салдырды.


 Бұл көрсеткіш – тұрғындар арасында тұмауға қарсы иммундық жүйе қалыптастыруға жеткілікті дейді сала мамандары. Осы ретте айта кетейік, елімізде балаларға арналған екпеден бас тарту немесе келісім беру жұмыстары электронды түрдегі рәсімдер арқылы жасалмақ..

 

Елена Ткаченко, Ұлытау облыстық санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаменті басшысының орынбасары

 Енді балаларды егу немесе одан бас тарту мәселесі – тек эклектронды түрде жасалады. Сәйкесінше, барлық деректер медициналық ақпараттық жүйелерге енгізіледі.


 Аталған өзгерістер заңды күшіне 2025 жылдың қаңтар айынан бастап енеді. Сонымен қатар, келер жылдан бастап медициналық тексерістен өтуге арналған жеке медициналық кітапша да электронды форматқа ауыстырылады. 

 

Мұқағали Сейтқазы, Сергей Майкович, «Ұлытау»


Күнтізбе

«    Ноябрь 2024    »
ПнВтСрЧтПтСбВс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930 
Біздің ақпараттық бюллетеньге жазылыңыз!
Біз спам жасамаймыз
Парақшаның жұмысын бағалаңыз)

Тегтер бұлты