«Шалғайдағы емес, маңдайдағы театр» атанған Серке театры мен Досжан Жанботаевтің есімі жезқазғандықтар үшін егіз ұғымға айналып кеткелі қашан?! Олай болуы заңдылықта! Өнер әлемінде өзіндік дара қолтаңбасын қалдыра білген қайраткер тұлғаның кешін өзге емес, өзі ашып берді...
Иә, кеш шынайы өтті. Бас кейіпкер – көрермендеріне жан сырымен бөлісті. Мінбеге алғаш болып Ұлытау облысының әкімі Берік Әбдіғалиұлы мен облыстық мәслихат төрағасы Бауыржан Шыңғысов көтерілді. Мемлекет басшысы Қ.Тоқаевтің құттықтауын табыстап, Қазақы дәстүрмен астына ат мінгізіп, иығына шапан жапты.
Сонымен қатар Жезқазған қаласының әкімі Қайрат Шайжанов пен «Қазақтың кетбұқасы» ҚБ төрағасы Төлеген Бүкіров те 75 жастың желкенін керген жанға сый-құрмет көрсетті.
Мыста шаһарға – Досжан Жанботаевтің театр және кино әлеміндегі әріптестері мен заңғар замандастары арнайы келген.
Айтулы кеште Досжан Әбдірәлімұлының Қазақстанның әр қиырынан келген шәкірттері тік тұрып қызмет көрсетті. Бұл ең алдымен ұстазға деген құрмет дейді олар...
Сонау Торғай даласында басталған таланттың жолы Ұлытаудың биігінде кеңінен қанат қақты! Досжанды – Жезқазған, Жезқазғанды – Досжан ерекше жақсы көреді. Бұл керемет кештен түйген оймақтай ойымыз!
Мұқағали Сейтқазы, Сергей Майкович, Айдос Өмірбекұлы, «Ұлытау» телеарнасы