ҰЛЫТАУ ОБЛЫСЫ

Чернобыль апатына - 38 жыл

Бөлісу:

Жарылыс зардабын жоюға 900 мыңдай адам қатысса, оның отыз екі мыңы қазақстандық еді. Соның ішінде біздің аймақтан 879 сарбаз қатысып,апат болған аймақты залалсыздандыруға атсалысты, оның 187 сі Жезқазған қаласынан. Кейінгі санақ бойынша жаңадан құрылған Ұлытау облысында Чернобыльдегі алапатты көзбен көрген 129 ардагер бар.Бүгінде олардың көпшілігі денсаулықтарынан айрылған бірінші, екінші топ мүгедегі.

 

Бауыржан ШЫҢҒЫСОВ Ұлытау облыстық мәслихатының төрағасы

Ертең,яғни  26 сәуірде осы апаттың болғанына 38 жыл толады. Біздің қаладан сол кездегі Кеңес әскері қатарында қызмет еткен жігіттер осы апатты жоюға атсалысты.Біз бұл жойқын апатты әрдайым есімізде сақтап жүреміз. Балалар да мұны білуі тиіс. 


Украин жеріне аттанған қазақстандықтар соңғы минуттарға дейін қай жерге баратындарын білген жоқ. Түгел Дүйсенбаев  - жарылыс зардабын жоюға Жезқазған қаласынан барған 187 азаматтың бірі. Ол кезде әркім өз мамандығы бойынша жұмыс істеді. Ал, құрылыс маманы Түгел аға ғимараттарды қалпына келтіріп, берілген тапсырманы орындады.

 

Түгел ДҮЙСЕНБАЕВ Чернобыль апатының ардагері

1987 жылы августтің 15-інде сол жаққа барып түстік. 15 бала болып бардық, тек 3еуі ғана қазір тірі. Сол блокта жұмыс істедік. Зиянды нәрселерді тазаладық.Қыметімізді атқарып 1988 жылдың февральінде үйге келдім. 


Тағзым алаңында жиылған көпшілік, апаттың салдарынан қаза болған сарбаздарды еске алды,ескерткішке гүл шоқтарын қойды. Сондай-ақ еске алу шарасына қаламыздағы ЖББ №1 мен 4 мектеп оқушылары қатысты. 

 

ГҮЛІМ МАРАТҚЫЗЫ,МЕЙІРЖАН МЕЙРАМҰЛЫ «ҰЛЫТАУ»ТЕЛЕАРНАСЫ


Күнтізбе

«    Ноябрь 2024    »
ПнВтСрЧтПтСбВс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930 
Біздің ақпараттық бюллетеньге жазылыңыз!
Біз спам жасамаймыз
Парақшаның жұмысын бағалаңыз)

Тегтер бұлты