ҰЛЫТАУ ОБЛЫСЫ

МӘМС: құны қымбатқа түсетін отаны тегін жасатуға болады

Бөлісу:

21 Сәуір. Таңғы 4. Уызхан Бекенов кенеттен жүрегі қысылып,  тыныс алуы қиындады. Ер адам ода миокард инфарктісі болуы мүмкін деп күдіктенбеді де. Себебі, күні бүгінге дейін жүрегі мүлде сыр бермеген-ді.   Жағдайы нашарлай берген соң, туыстары шұғыл түрде жедел жәрдем шақырған. Осылайша  науқас тез арада "Жезқазған" медициналық орталығына жеткізілді.

 

Уызхан Бекенов науқас

Адамдар тез опартивно жиналды,келдім,шамалыдан кейіноперацияны бастады, ауыртпашылық болған жоқ. Операция болғаннан кейін жақсы болды. 


Ақ халаттылар миокард инфарткісіне шалдыққан  науқастың тарылған тамырына стенд қойып, жүрек жұмысын қалыпқа келтірді. Қазір Уызхан Бекенов оңалту бағдарламасынан өтіп жатыр. Айта кетейік, бұл күрделі операция мен оңалту бағдарламасы міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру аясында тегін жүргізіледі. "Сақтандырылған" мәртебесі жоқ науқастар үшін бұл операция ақылы негізде жасалса шамамен 1,5 миллион теңгені құрайтын еді. Бүгінде 24 орынға шақталған “Жезқазған медициналық орталығы”  ЖШС-нің кардиологиялық бөлімде пациенттерге тегін медициналық көмектің кепілдендірілген көлемінде және міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру есебінен медициналық көмек көрсетіледі.

 

Разбек Нұрғұспан «Жезқазған медициналық орталығы» ЖШС анестезиологиялық реанимация бөлімінің меңгерушісі

Міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесі арқылы қазір облыстың барлық елді мекенінен, ауылдарынан келетін науқсатар көп. Мәселен, Қаражал,Ұлытаудан көп келеді. Жезқазған медициналық орталығындағы кардиологиялық бөлімшесі  барлық заманауи құрылғылармен жабдықталған. Науқсатар үшін бар жағдай жасалған. 


Ертеректе 50 жастан асқандарда кездесетін бұл ауру түрі қазір жасарып келеді.   Тәжірибемде  тіпті 25 жастағы науқас болды", - дейді жоғары санатты дәрігер Разбек Нұрғұспан. 


Қазіргі уақытта "Жезқазған" медициналық орталығында кардиологиялық бейіндегі үш бөлімше жұмыс істейді - бұл Кардиологиялық бөлімше; интервенциялық кардиология бөлімшесі және кардио оңалту бөлімшесі. 


Жыл басынан Ұлытау облысының 56 тұрғынына коронарлық шунттау операциясы міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру шеңберінде тегін жасалды.

 

ГҮЛІМ МАРАТҚЫЗЫ;АЙДОС ӨМІРБЕКҰЛЫ «ҰЛЫТАУ»ТЕЛЕАРНАСЫ



Күнтізбе

«    Ноябрь 2024    »
ПнВтСрЧтПтСбВс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930 
Біздің ақпараттық бюллетеньге жазылыңыз!
Біз спам жасамаймыз
Парақшаның жұмысын бағалаңыз)

Тегтер бұлты