«Ұлытау» спорт кешенінде өткен жарыстың бәсі жоғары. Себебі, жеңімпаз палуан «Ұлытау барысы» белдігімен бірге 1 млн 500 мың теңге қаржылай сыйақының иегері атанады. 30 ға жуық үміткердің басын қосқан турнирді Ұлытау облысы әкімі аппараты басшысының орынбасары Ақжол Құрмансейіт құттықтау сөзімен ашты...
«Күш атасын танымайды!» Бірін-бірі алып та, шалып та жыққан палуандардың қарым-қабілеті мен шеберлік деңгейлерін даңқты жерлесім, 2014 жылғы «Қазақстан Барысының» күміс жүлдегері Аслы Барменов жоғары бағалады.
«Ұлытау барысы» додасының жеңімпазы Сәтбаевтық Ерасыл Нұғұмат атанды. Сонымен қатар бірінші және екінші орын иегеріне «Қазақстан Барысы-2024» турниріне жолдама берілді.
Мұқағали Сейтқазы, Мейіржан Мейрамұлы, «Ұлытау» телеарнасы