Ашық есік күні «отбасы тәрбие басы, мектеп- тәрбие жаршысы» тақырыбымен өтті. Оқушылардың оқудағы жетістіктерін қамтамасыз ету арқылы оларды табысты оқуға ынталандыру осы «Ашық есік күнінің» басты мақсаты.
Медет
Және біз үштік одақ дейміз ғой, әрқашанда осындай ымыра бірлігіміз жараса берсін, сол арқылы біздің білімді, сапалы білім алған тәрбиелі оқушыларымыз көп бола берсін.
Алдымен, ата-аналар мектеп ауласында бой тіккен киіз үйге бас сұқты. Онда оқушылар ауыл әжелерімен бірге бірі – жүн түтсе, бірі – ұршық иіріп, енді бірі – құрт жайып, бірі – күбі пісіп жатты. Аулаға оқушлырадың өз қолдарымен дайынлаған қолөнер бұйымдары қойылды. Бастауыш сынып оқушылары тоғызқұмалақтан сайысқа түсті. Осылайша бұл күні қазақтың салт-дәстүрлері ғұрыпталды.
Нұржан ЖҮГІНІС Кеңгір селосының №2ЖББМ мұғалімі
Бүгінгі қолөнермен қатар оқушылар би өнері,ән өнерінде де қандай жетістіктерге жеткенін көрсету мақсатында ұйымдастырып отырмыз. Іс-ашарадан ата-аналар да, оқушылар да, келген қонақтар да өздерін керек дүниені,пайдалы кеңестерді алады деген ойдамын.
Ал, мектеп қабырғасында оқушылардың бір тобы домбыра тартты, екінші тобы сурет салып жатты. Іс-шараға Кеңгір селосының №2ЖББМ-де оқитын 451 баланың барлығы қамтылды.
ГҮЛІМ МАРАТҚЫЗЫ СЕРГЕЙ МАЙКОВИЧ «ҰЛЫТАУ»ТЕЛЕАРНАСЫ